шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

«АУДАНДЫҚ  БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ТӨМЕНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БОС ЛАУАЗЫМЫ ОРНЫНА «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын  конкурстық  тағайындау  қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының  Білім  және ғылым министрінің  2012 жылғы   21 ақпанындағы  № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 13.12. 2017 жылғы  №  619  бұйрығына сәйкес   КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

1) Конкурс жариялаушы орган: «Кеген ауданының білім бөлімі»    мемлекеттік мекемесі.

2) Конкурс жарияланған лауазымның атауы:

1) Кеген  ауданының «№3 Кеген орта  мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  лауазымына.

Мекен-жайы: Кеген ауылы,  Б.Момышұлы көшесі, 13 үй  

тел: 8(72-777) 2-17-96

3) Лауазымға орналасуға конкурсқа түсуші кандидаттарға жоғарыдағы конкурстық көрсетілген тағайындау (қағидаларының талаптары бойынша) төмендегідей біліктілік талаптарының болуы міндетті:

  1. Жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі білімнің болуы; (педагогикалық)
  2. педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілінің бір жылдан кем болмауы;
  3. Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;
  4. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың болуы;
  5. Соттылығының болмауы тиіс;
  6. Орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымдық міндеттері: мектеп жарғысында көрсетілген;
  7. Лауазымдық жалақысы – 115, 473 теңге;
  8. Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн  ішінде аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
  9. Конкурсқа қатысу үшін кандидат төмендегідей құжаттар тізбесі дайындалып өткізеді :
  10. Конкурстық комиссия төрағасы немесе төрайымы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;
  11. Жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі ;
  12. Нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
  13. Еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  14. Бұрынғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырылған кадрды есепке алу жөніндегі парағы суретімен;
  15. Бар жазбалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  16. Нотариалды куәландырылған біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмелері;
  17. Медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
  18. Соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
  19. Мектепті дамытудың перспективалық жоспарының болуы.

   - аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

   -  конкурсқа қатысушы кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандай да болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

11) Тиісті ақпараттар немесе түсініктемелер алу немесе нақтылау үшін төмендегі байланыс  телефоны мен электронды адреске хабарласуға болады. Байланыс телефоны : 8-72-777-2-25-10; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..