шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың   9 айлық атқарылған жұмыстарының мәліметі.

  1. Ақсай ауылының ауыз су жүйесіне 30 млн.теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 16 млн.теңге келісім шарт жасалған. Бүгінгі күнге 15 млн.теңгесі аударылып беріліп, 13 млн.теңгеге қосымша келісім шарт жасалып, 6 млн.теңгесі мердігерге аударылып берілді.

Осы күнге дейінгі қазылған барлық жердің трубасы тасталып, жұмсақ топырақпен көмілген. Көшелер және ауылдың сырты көміліп бітті. Орнатылуы керек 25 құдық – колодецтер орнатылған. Екі жерден қазақтелеком кабельдерін қазақтелеком мамандарымен бірлесе отырып қазып өтіп, трубаны жүргізді. Енді қалып тұрған 900 метр. Қазіргі таңда қазу жұмыстары жүріп жатыр. Олар Алматы жолының астыңғы бөлігі және кіші көшелері. Барлығы 12 адам жұмыс істеуде, оның 9 ауыл тұрғындары. Бір экскаватор, екі погрузчик және бір камаз жұмыс істеуде.

  1. Талды ауылының ауыз су жүйесіне 25 млн.теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 15 млн.теңге келісім шарт жасалған. Бүгінгі күнге 13 млн.теңгесі игерілген. Ауылда барлық көше толық көміліп бітіп, толықтай су жіберілген. Жіберілген су құбырларға толық барған. Қысымы жақсы. Ауыл тұрғындарының 80 пайызы үйлеріне су кіргізіп, кейбір үйлер кіргізбегендіктен калонка қойып берілген. 
  2. Жалаңаш ауылындағы ауыз су жүйесі 10 млн.теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсына беріліп, ЖК «Лидер» жеңімпаз болып болып табылып, 5,8 млн.теңгеге келісім шарт жасалып, бүгінгі күнге жер қазу жұмыстары жүргізілуде. 2 экскаватор және 6 адам жұмыс жасап жатыр, оның 2 ауыл тұрғындары.
  3. Кеген ауылының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмысының 50 млн.теңгеге сметасы дайындалып, мемлекеттік сатып алу порталына (қыркүйек айында) беріліп 02.11.2018 жылы ашылды. Жеңімпаз болып ЖШС «Т-Строй-Проект» анықталды.
  4. Алғабас ауылының ауыз су жүйесін қайта есептеу жұмыстарына 5 млн.теңге бөлініп, «ГидротехЖоба» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, 2,5 млн.теңгесі аударылып берілді. Жұмысың 50 пайызы орындалды.
  5. Кеген, Бөлексаз, Тұйық ауылдарының ауыз су жүйесінің жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге 4,8 млн.теңге бөлінген. Қазіргі уақытта мердігермен келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.
  6. «Кеген су құбыры» КММ-і электр энергиясына қарызы-1,5 млн.теңге. Насосқа қарызы 1,0 млн.теңге. Кеген ауылының тұрғындары ауыз суға берешегі бойынша 2976 адам 6 125 270 теңге қарыз.
  7. Кеген ауданында Кеген, Қарабұлақ, Ақсай, Шыбышы, Жылысай ауылдарына көше жарық шамдарын орнатуға ЖСҚ жасатуға 4,5 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына беріліп жеңімпаздар анықталды.            
  8. 9. Алматы облысы әкімдігінің 01.03.2018 жылғы №87 Қаулысына сәйкес, Аудан әкімінің «Елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі екі айлығын өткізу туралы» №37 қаулысына сәйкес мекемелердің, ауласын тазалау және күл-қоқыстарын шығару, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізу  бөлінген.  Көше тазарту жұмыстарына байланысты мекемелерге көшелер бөлініп беріліп, апта сайын тазалық айлығы жүргізілуде.
  9. 10. №18, №19 трансформаторлы подстанциясына қосылған жалгерлік үйлермен жаңа келісім шарт жасалуда.