шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

 Кеген ауданының «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы ақпараты

  1. Тұрғындардың өз қаражатымен салған тұрғын үйлері: 1932 шаршы метр жылдық жоспардың 9 айда -1722 шаршы метрі орындалды, жалпы саны 16 үйдің құжаттары аудандық статистика бөліміне тапсырылды. Өзіндік құны – 258,3 млн. теңге.
  1. Сәулеттік жоспарлау тапсырмасы: Жобалық сметалық құжаттарын жасауға және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін – 5 сәулеттік жоспарлау тапсырмалары берілді.
  1. Эскиздік жобаны келісу: Дүкен, тұрғын үй, мейрамхана және жол жөндеу және жоғарғы кернеулі электр желілерін жүргізу жұмыстары бойынша – 8 жоба келісімделді.
  1. Ғимаратты құлату актісі: Жыл басынан 9 ғимататты құлату актілері берілді.
  1. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелермен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй жайлардың (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру: Барлығы 2 шешім берілді.
  1. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау: Жыл басынан бері- 186 мекенжай анықтамалары берілді және мекенжай ақпараттық жүйесіне енгізілінді.
  1. Елді мекен шегінде объекті салу үшін: Ауданның елді мекендері аумағында жеке тұрғын үйлерге – 21 жер учаскелері, коммерциялық бағыттағы ғимараттарына – 1 жер учаскесі, мешіт үйлеріне – 3 жер учаскелері, мал бордақылау алаңдарына жер қосып беру 1 жер телімдері берілді.
  1. Аудан бойынша 34 елді мекен бар, оның ішінде бүгінгі күнге бас жоспарлармен қамтылғаны 34 елді мекен. Аудан орталығы Кеген, Жалаңаш, Тоғызбұлақ, Шырғанақ, Ұзынбұлақ ауылдары бас жоспар нақты жайғастыру жобасымен (ПДП) қамтылған, 29 ауылдардың жеңілдетілген (упрощенный) бас жоспарлары бар. Аталған 34 елді мекендерде тұрғын үйлер салу үшін – 2602 учаскелер орналастырылған. Жалпы ауданы – 2 602 000 шаршы метр, - 260,2 га.
  1. Ел Басы Н. Назарбаетің жолдауындағы «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» 32-адым қылмыстық құқықбұзушылықтың картасы жұмыстары бойынша 2896 адресті мекен-жай ақпараттық жүйесімен сәйкестендіру үшін округ әкімдеріне актілер жолданды. Кеген ауылы бойынша 100 адрес сәйкестендірілді.
  1. Азаматтар мен азаматшалардың жеке тұрғын үй құрылысына (ИЖС) бөлінген жер учаскелерінен тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін алу, Қазақстан Республикасы Жер кодексі негізінде, Ұлттық экономика министрінің м.у.а. М.Құсайыновтың №255 бұйрығына сәйкес «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» округ әкімдеріне жазылған өтініштер негізінде жүргізілуде.

Жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында «Нұр Отан» партиясының Кеген аудандық филиалында аудан пркуратурасының прокурорларын қатыстыра отырып, - 2 дөңгелек столдар өткізілді, - 4 қоғамдық қабылдау жасалынды.

Аудан әкімінің сайтына 34 елді мекендердің бас жоспарлары ілінді.