шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген  ауданының «Мәдениет және  тілдерді  дамыту  бөлімі» ММ

«Кеген  аудандық кітапханасы» КММ

 

«Кеген  аудандық  кітапханасы»КММ

директоры Ахметова Индира Әлиқызы     

«Кеген  аудандық  кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік

мекемесіне    қарасты 13  ауыл  кітапханасы  бар.

Онда 27 адам, 27  штаттық  бірлікпен   жұмыс  істейді..

Оның ішінде  20 кітапханашы қызмет жасайды.

Кітапханадағы  оқырман  саны  аудан  бойынша – 11 409

Аудан  бойынша  І тоқсанда кітап  қоры – 91 358 дана

Оның  қазақшасы – 65 880 дана

 

Кітапхана  тарихы

  • 1928 жылы Қарқара  аудандық  кітапханасы  болып  ашылды;
  • 1979 жылы  Кеген  аудандық  орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесі  болып  құрылды;
  • 1997 жылы  Райымбек  аудандық  кітапханасы   болып  өзгертілді;
  • 2007 жылы Нарынқол, Кеген, Сарыжаз, Тегістік, Текес, Қайнар, Жалаңаш ауылдық  кітапханалары  ашылды;
  • 2008 жылы Шырғанақ  ауылдық  кітапханасы  ашылды;
  • 2010 жылы Қарасаз ауылдық  ашылып,  аудандық  кітапханада  кітапханалық  КАБИС  бағдарламасы  енгізілді;
  • 2011 жылы Шәлкөде  ауылдық  кітапханасы   жұмыс  бастады;
  • 2018 жылы «Кеген аудандық кітапханасы» КММ болып қайтадан құрылды;
  • 2019 жылы 9 ауылдық округтен ауылдық кітапханалар ашылды.

     Олар: Саты,Қарабұлақ,Алғабас,Жылысай,Ұзынбұлақ,Тұйық,Бөлексаз,Қарқара,

     Тасашы ауылдық округтерінде орналасқан.

 

Кітапханада  оқырмандарға әдістемелік  бөлім, абонемент бөлімі,оқу  залы, кітап қорын  толықтыру

  және өңдеу бөлімі, библиограф  қызмет   көрсетеді:

 

            Кітапхана оқырмандарға «Мәңгілік Ел» идеясын ұстана отырып Елбасының жыл сайынғы

           Жолдауын, «Қазақстан - 2050»  бағдарламасын, «Бір ел- – бір кітап» акциясын, өлкетану 

           жұмысын, Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру»  мақаласын, «Ұлы Даланың жеті қыры»

           мақаласын, «Мәдени мұра», күнделікті бұқаралық ақпарат жаңалықтарын, «Шебер» клубы

          бағдарламасын насихаттайды.

 

Кітапхана   жұмысының   бағыттары:

           Қорларды  қалыптастыру  мен  дамыту;

           Қазақстан  халқының  ұлттық  жетістігі  ретінде   қорларды  сақтау;

          Ақпаратқа  толық  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беру;

          Әдістемелік  орталық  ретінде  ауыл  кітапханаларын  дамыту;

          Өлкенің  мәдени құндылықтарын  білуге  көмектесу;

         Электронды  кітапхана  қорын  интернет  желісі  арқылы  оқып-үйренуге  бағыт-бағдар  беру.