шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің  2018  жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

Кеген ауданы бойынша 9 мәдениет үйлері, 4 клуб және аудандық мәдениет үйіне қарасты «Кеген Халық театры», Кеген аудандық кітапхана, Шырғанақ, Кеген, Жалаңаш ауылдық кітапханалар жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта «Кеген ауданының аудандық Мәдениет үйі» мен аудандық кітапханада штат бірліктері қарастырылмаған. Себебі бұрынғы тұрған барлық штат бірліктері Райымбек ауданына қарасты. Алдағы облыстық сессияда Қазіргі уақытта «Кеген ауданының аудандық Мәдениет үйі» мен аудандық кітапханаға штат бірліктерін қарастыру жоспарлануда.

  1. 2018 жылдың 11 шілде күні ауданымыздағы Қарқара жайлауында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Қазақстану" ғылыми-ағартушылық жобасының аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық "Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының" және Кеген ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала елінің қонақжай қасиеті" атты "Қымызмұрындық" мерекесі болып өтті. Ауданымыздағы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен ауданымыздың өз алдына Кеген ауданы болып құрылған жағдайында қарсы алып отырмыз. 

«Қымызмұрындық» мерекесіне Алматы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, облыстық "Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының" директоры Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлы, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы, Қазақстанның халық әртісі Кенжебекова Алмахан Нұрпейісқызы және облысымыздағы этномәдени орталықтардың төрағалары, аудандық Аналар кеңестерінің басшылары мен өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Ұлттық салт-дәстүріміз жайлы да Елбасымыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында айтып кеткен болатын. Бұл тіліміз бен дінімізді көтеруге, салт-дәстүрімізді өркендетуге, өшкенімізді жаңғыртып, өрісімізді кеңейтуге бағытталып отыр. Бұл игілікті іс-жақсылықтың бастауы. Мемлекетіміздің болашағы болатын жас ұрпаққа тағылым мен тәрбие болар ізгілікті дүние. 

Қымызмұрындық – жаз шыға бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Халықтың бұл дәстүрі де қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттікті, бірлікті меңзейді

 

  1. 2018 жылдың 26 шілдесінде Қазақстан Туристік ассоцациясының ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Кеген ауданының Қырғыз Республикасымен шекаралас Қарқара өзенінің жағасында Шарқұдық тау бөктерінде "Хантәңірі" халықаралық альпинистік лагерінде туризмге байланысты конференция болып өтті.

Конференцияға аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы бастаған бір топ делегаттар, түрік танушы сарапшылар, тенгриандық мәселелері бойынша мамандар, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің, ЮНЕСКО, Алматы қаласы және Алматы облысының туризм басқармаларының, туристік нарық және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында таулы өңірімізде туризмді дамытуға табиғи сұлулығы тұнып тұрған қолайлы жер өте көп екендігін және осы жерлерде туризмге байланысты инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту арқылы табиғи қалпын сақтай отырып, өркениетті тұрғыда туризмді дамыту- алдағы басты мақсат екендігі туралы өз ойларын ортаға салды.

Конференция ұлттық салт-дәстүрімізбен өрнектеліп, ауданымыздан  барған қыз-жігіттер Ұлттық спорт ойындары: қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар сынды ұлттық ойынымыз өткізілді. 

  1. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс" - деп атап көрсетті.

Осыған орай 28 шілде күні Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінде Керейқұл бабамыздың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. 

Керейқұл бабамызға Еңселі ескерткіш орнату елім-жерім деп оқ пен от кешкен, жоңғар шапқыншылығы кезінде елі мен жерінің бостандығы үшін күрескен батыр бабамызға көрсетіліп жатқан зор құрмет өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ұлағаты, тәлім мен тәрбиесі мол, игілікті іс болмақ. Керейқұл бабамызға бүгінгі ұрпақтарының көрсетіп отырған көңілі мен пейілі, рухына жасаған тағзымы деп бағалаймыз.

  1. 2018 жылдың 3 тамызында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында, "Туған жерге туыңды тік" жобасы аясында Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округінің кіре берісіне қақпаның (арка) ашылу салтанаты өтті.

Қақпа Жалаңаш ауылында 1997-1998 жж. мектеп бітірген түлектердің бастамасымен басталып, ауыл тұрғындары атсалысып, бір жарым айда бой көтерді. 

Ашылу салтанатына арнайы Алматыдан қонақтар, аудан әкімдігің өкілі, осы өлкенің тумалары, ауыл тұрғындары қуаныштарына ортақтасып жан-жақтан жиналды. Келген қонақтар сөз сөйлеп, қақпаның ашылу салтанатымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Жалаңаш ауылдық округінің әкімі Икинбаев Тойғанбек Мұхаметжанұлы қақпаның құрылыс жұмыстарын жүргізіп, белсенділік танытқан азаматтарға "Алғыс хат" пен сыйлықтар табыс етті. 

Жалаңаш ауылдық мәдениет үйі өнерпаздарының "Туған жерім, бақытымның бастауы" концертімен жалғасты.

 

  1. Кеген ауданының әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлының қолдауымен, Кеген - Алматы күре жолының бойына әсем табиғатымыз Шарын шатқалында орналасқан тұлпар бейнесі және аудан аймағына кіре берісіне биік тұғырға қойылған барыс бейнесін «Артдала» ЖК орнатты. Қос бейне кіре берістен ерекше көзге түсіп, өңіріміздің көркіне көрік қосып тұр.
  2. "Рухани Жаңғыру" Алматы облысының өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 16-17 тамыз аралығында Қапшағай қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жобаларды басқару негіздері" оқыту семинар- тренингі болып өтті. 

Аталған семинарға ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің бас мамандары, «Qarqara» газетінің бас редакторы және Қарқара ауылдық әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы қатысып, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Жобаларды басқару негіздері" атты облыстық семинар-тренингте азаматтық жауапкершілік пен жоғары белсенділік танытып, бәсекеге қабілеттілік пен прагматизді дамытуға қосқан үлесі үшін жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды. 

  1. 2018 жылы 7 қыркүйекте Кеген ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер, ыстықсың сен маған» атты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, профессор Ермұрат Үсеновтың авторлық ән кеші жоғары дәрежеде өтті. Концертте 45 адамнан құралған Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының оркестрі Е.Үсеновтың шығармаларын орындап, шәкірттері өнер көрсетті. 
  2. Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы «Рухани Керуен» жобасының аудандық II кезеңі Жалаңаш ауылында өткізілді. «Рухани жаңғыру: дін – дәстүрім, салтым - санам» тақырыбында сурет және кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Рухани қазына» атты концерттік бағдарлама әзірлеп, концерт қойылды.
  3. Алматы облысы әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың бастамасымен, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Алматы облыстық көркем өнер галереясының ұйымдастыруымен Үстіміздегі жылдың 10-18 қыркүйегі аралығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кәсіпқой суретшілердің «Туған жерім – тұғырым» атты Халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрі Кеген ауданы, Саты ауылында өткізілді. Ауасы таза суы мөлдір таулы өңірімізде орналасқан табиғаты тамаша ауданымызда табиғи сұлулығы тұнып тұрған Меркі, Көлсай, Қайыңды көлдері сынды әсем жерлерде, орманды дала мен таулы өлкемізде, тау-тастардан, бұлақтардан шабыт алған суретшілер 10 күн бойы 30-ға жуық жұмыстар жазды. Пленэрге Қырғыз Республикасынан, еліміздің Астана, Алматы қалаларынан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарынан кәсіпқой суретшілер қатысты. Халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрлік жұмыстарының салтанатты жабылуы 19 қыркүйекте аудандық Мәдениет үйінде өтті. Пленэрге қатысқан суретшілердің ең үздік деген туындылары Алматы облыстық «Көркемөнер галереясының» негізгі қорының экспонаты ретінде сақтауға алынды.

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы №159 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 48-тармағында жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын өткізу жоспарланған және тұжырымдаманың мазмұнына сәйкес жалпықазақстандық ашық диктант үстіміздегі жылдың 20-шы кыркүйегінде сағат 11.00-де еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде (синхронды түрде) ұйымдастырылған «Астана – бейбітшілік бесігі» атты тақырыпта диктант алынды. Диктантқа ауданымыздың «Б» тобындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, жастар ұйымдарының өкілдері, мектеп оқушылары мен студенттері - 238 адам қатыстырылып, оның ішінде 148 «өте жақсы», 78 «жақсы», 12 «орташа» баға қойылды.
  2. Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, этнос өкілдерін мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру мақсатында қазақ тілі білгірлерінің «Көркем ой, көркем сөз, көркем тіл» атты екі кезеңнен тұратын облыстық конкурсқа Кеген ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақай Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Савкина Александра Сергеевна қатысып, байқауда үздік нәтиже көрсеткені үшін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбайдың қолынан 2 дәрежелі Дипломымен марапатталды және бағалы сыйлық табыс етілді. Астана қаласында өтетін республикалық конкурсқа жолдама алды.
  3. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ү.ж. 27 қыркүйегінде аудандық тарихи-өлкену музейінде «Шежірелі Шелек» атты тақырыпта Еңбекшіқазақ ауданының Шелек тарихи-өлкетану музейінің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жүзге жуық жәдігерлер қойылды. Соның ішінде Шелек ауылынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдіргерлер мен Кеңес Үкіметін орнатуға атсалысушы, революционер Ә.Жангельдиннің бас киімі мен күртешесі және көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері, үш мәрте Еңбек Ері Д.А.Қонаевтың 100 мерей тойына арналып көркем фото суреттерімен безендірілген кітабы мен Кеңес Одағының батыры Кенжебаев Төле атамыздың ұстаған жеке заттары мен ұйғыр халқының әдет-ғұрып, салт дәстүріне байланысты этнографиялық жәдігерлер қойылды. Көрмені тамашалауға 120 жуық адам келді.
  4. Ағымдағы жылдың 1 қазанында аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, "Қарттарым - асыл қазынам" атты аудандық салтанатты шара өтті.
  5. Аудандағы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының ұйымдастыруымен 1 қазан Халықаралық қарттар күніне және Мұғалімдер күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», Қарттарым ағып жатқан дариядай», Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария», Қарттарым аман сау жүрші», «Атыңнан айналайын қарттарым», Ұстаз – ұлы тұлға», Ұстазым, менің ұстазым», Ұстаз - ұлағатты есім», «Ұлағатты ұстазым», «Ұстазым» атты мерекелік шалалар және «Алтын күз» атты оқушылар арасында жарыс өткізілді.
  1. 2018 жылдың 8-9 қазан күндері Талдықорған қаласына арнайы іссапармен бару мақсатында көрші ел делегациясын бастаған Қырғыз Республикасы Үкіметінің Ыстықкөл облысындағы уәкілетті өкілі Ақылбек Осмоналиев және аталған облыстың жергілікті басқару органдарының басшыларын Кеген ауданының шекарасында салтанатпен қарсы алу және шығарып салу рәсіміне атсалыстық.
  2. Аудандық тарихи-өлкетану музейінде осы жылдың 9 қазан күні «Аудандағы көрікті жерлер» атты тақырыпта баяндама оқылды және 10 қазан күні «Менің көшемнің тарихы» атты тақырыпта танымдық сабақ өткізілді. Қазан айының 8-21 аралығында Талдықорған қаласының тұрғыны, көнерген заттарды жинаушы Марат Хасеновтың «Ертеңнен бүгінге дейін» атты жылжымалы көрмесі қойылды.
  3. Аудандағы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының ұйымдастыруымен "Туған жерім-құт мекенім" тақырыбында байқау, "Арайлы - Алтын күз" тақырыбында кеш, Кеген ауданы маслихатының депутаты Сабыржан Құсайыновпен кездесу, "Бала мен ата-ана арасындағы қатынас" атты семинар, "Қош бол, альбом" кітабының  авторы  Т.Шыңғысовпен кездесу өткізілді.
  4. Аудандық тарихи-өлкетану музейі және Кеген ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ауылдық округтерде орналасқан 5 мәдениет үйлері сұйық отынмен жылытылады. Бөлінген лимит 72474 литр. Бүгінгі күнге аудан көлеміндегі мәдениет үйлеріне бөлінген сұйық отын Алғабас ауылдық мәдениет үйінен (12000л) басқа ауылдық мәдениет үйлеріне толық 100% тасымалданды. Қатты отын Жылысай – 16 т, Ақтасты – 8 т, Шыбышы – 8т. ауылдық клубтарға 100% тасымалданды.

Алғабас ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге тапсырыс беруші Райымбек ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекттік мекемесі (Екі аудан бөлінгеннен кейін Кеген ауданына қаражаты аударылды). Мердігер: «Азамат  Құрылыс» ЖШС.

Тапсырыс беруші мен мердігердің арада 2018 жылғы 23 сәуірдегі жасалған           №7 шартына сәйкес Кеген ауданындағы Алғабас мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр айында басталып қараша айында аяқталуы тиіс. Ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 83 810 000 теңге бөлінген, осы қаржының 18 991 401 теңгесі 2018 жылдың мамыр айында «Азамат  Құрылыс» ЖШС-не аударылған. Осы жылдың 19 қыркүйегінде №7 шартына №001 қосымша келісім жасалып, 30 000 000 теңге «Азамат  Құрылыс» ЖШС-не аударылды. Бүгүнгі күнге мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының 70% атқарылды.