шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2019 жылдың  12 айында атқарылған   жұмыстары   жайлы мәлімет.

2019 жылдың 12 айында аз қамтылған 447 отбасындағы 2600 адамға 294 млн 993 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек,  61 отбасына 3 млн 116 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы.

Үйден  оқытылатын  мүмкіндігі шектеулі 37 баланың отбасын мактериалдық қолдау мақсатында 1 млн 648 мың  теңге жәрдемақы төленді.

Ұлы Отан соғысының 3 ардагеріне 136,1 мың теңге, отын сатып алу үшін төлем, туберкулез індетімен ауыратын  14 азаматқа 692,0 мың теңге ай сайынғы жәрдемақы төленді.

Ауған соғысына қатысушы 5 азаматқа 350,0 мың теңге.

2019 жылдың 12 айында үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің әлеуметтік қызметкерлері  11 мүмкіндігі шектеулі азамат пен 45 жалғызбасты қартқа, 28 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетіп, 12-мүмкіндігі  шектеулі бала мен 2- мүмкіндігі шектеулі азамат және   8-жалғыз басты қарт бөлімше есебіне тіркеді.

Жүйке жүйесімен ауыратындарға арналған интернат үйіне  1 мүмкіндігі шектеулі азамат кезекте тұр.

Медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясынан  жеке оңалту бағдарламасын алған мүгедектердің 7-і кресло арбамен, 77-і міндетті гигиеналық құралдармен, 86-ы протез – ортопедиялық құралдармен, 19-ы  сурдо-техникалық құралдармен, 2-і тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, 66 адам санаторлық-курорттық емделуге  жіберілді.

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы бөгде адамның көмегін қажет ететін 26 мүгедекке  жеке көмекшінің қызметі, 1-топтағы 41 мүмкіндігі шектеулі азамат инватакси қызметін пайдаланып, 41 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 1710 тапсырысы орындалды.

Бөлім қызметкерлері 2019 жылдың 12 айында белгіленген әлеуметтік бағдарламаларды толығымен,  нәтижелі  орындады.

Кеген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  өз жұмысын бұдан былайда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын азайтуға, халықтың әл ауқатын жақсартуға, мүмкіндігі шектеулі  жандарды оңалтуға, жалғыз басты қарттарға қамқорлық жасауға, әлеуметтік бағдарламаларды орындауға бағыттайды.

 

Бөлім басшысы                             Б. А. Оразова

 

Орындаған: З. Сарсенбаева

Тел.:87277721746