шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 9 айында атқарған мәліметтері.

  1. Ақпараттық-насихаттық топтар және Елбасы Жолдауын халыққа насихаттау туралы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына байланысты аудан әкімінің 2018 жылғы 11 қазандағы №39-ө-н/қ санды өкімімен аудандық комиссия құрылған.  Елбасы Жолдауын аудан халқына насихаттау мақсатында аудан әкімдігі жанынан 2 топта құрамы 46 ақпараттық-насихаттық тобы құрылды. 12 ауылдық округтерге қарасты барлық елдімекендерде үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Аудан көлемінде 34 елдімекендерде толық кездесу өткізілді.

  1. Саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстар.

Халықтық-демократиялық «Нұр Отан» партиясының аудандық  филиалының өкілдері ауданда өткізілген барлық мәдени шаралар мен кәсіптік мерекелерге ауданның «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, белсене атсалысып келеді. «Нұр Отан» партиясы Кеген аудандық филиалы төрағасы аудан әкімі. 13 бастауыш партия ұйымдарында  2856 мүшесі бар.

  1. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес (18 қазан 2011 жыл):

2018 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлығы 17 шара өтті. 15 кездесу, 1 дөңгелек үстел, 1 дәріс (17 мамырда – 14 маусым аралығында мешіт жанынан «Жазғы сауат ашу курсы» ұйымдастырылды) өтті.

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының орындалуы.

Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жөніндегі өткізген іс-шаралардың жалпы саны – 232, оның ішінде аудандық - 2, ауылдық округтерде - 12, білім мекемелерінде – 218 шара өтті.