Міндеттері мен функциялары
- БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ.
2.1 Бөлімнің негізгі міндеттері төмендегідей:
- ауданда ветеринария саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
- халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
- жануарларды ауырулардан қорғау және оларды емдеу;
- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден /аумақтардан/жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
- жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластанудан алдын-алу және оны жою;
- Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді іске асырады.
- БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ.
3.1. Бөлім өз құзыреті шегінде және заңнамалар негізінде төмендегідей функцияларды жүзеге асырады.
1/ уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санмтариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын бекітеді;
2/ ветеринариялық преператтардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық преператтарды қолдануды, сақтауды ауданның / облыстық маңызы бар қаланың/ ветеринария бөлімі ұйымдастырады;
3/ профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырырылатын жауарлардың энзоотиялық аурулардың тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді;
4/ жануарлардың энзоотиялық аурулардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық преператтарды, олардың профилактикасы және диогностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды қолдануды, сақтауды ауданның / облыстық маңызы бар қаланың/ ветеринария бөлімі ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5/ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгілнген тәрттіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді;
6/ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;
7/ халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
8/ жануарларды өсіруді, жануарлардан алатын өнімдер мен шикізатты дайындауды /союды/, сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөп және қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
9/ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;
10/Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың экзоотиялықө аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
11/ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарларға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасмалдауды /жеткізуді/ жүзеге асыруға;
12/ елді менен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды анықтауға;
13/ қанғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
14/ мал көмінділерін /биотермиялық шұңқырларды/ салуды және оларды ветеринариялық норматифтерге сәйкес ұстауды қамтамассыз етуге;
15/ жануарларға ветеринариялық паспорт беруге;
16/ әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді;
17/ жергілікті сайланған өкілдерге бекітуге, жергілікті елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстанудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі енгізілген ұсыныстар енгізеді;
18/ алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге;
19/ жануарлардың эпизотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсаты пайдаланылуын қамтамасыз ету.