шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың  9 айда атқарған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет.

  1. 1. Кеген ауылынан салынатын 15 жалгерлік тұрғын үйдің мемлекеттік сараптамасының мерзімінің өтуіне байланысты ЖСҚ-ын қайта есептеуге 4 млн.теңге, тұрғын үйдің инженерлік –коммуникациялық желілерінің құрылысын жүргізіуге 3 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі күнде «АРС ЛТД» ЖШС-гі мен келісім шарт жасалынып, құжаттары рәсімделуде. Жыл аяғына дейін жобалық сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптама қорытындысы дайын болады.
  2. 9 ауылдан 187,9 млн. теңгеге (Кеген-21,8 млн.теңге, Алғабас- 20,8 млн.теңге, Жалаңаш-21,9 млн.теңге, Жылысай -19,7 млн.теңге, А.Нүсіпбеков-19,7 млн.теңге, Тасашы-20,8 млн.теңге, Ұызынбұлақ-21,3 млн.теңге,  Бөлексаз-21,9 млн.теңге, Шырғанақ-22,1 млн.теңге)   тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 95 пайызға орындалып, 30.11.2018 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
  1. Алматы облыстық құрылыс басқармасы арқылы жалпы құны 93,4 млн.теңгеге Шырғанақ ауылдық округіне қарасты Кіші-Қарқара ауылынан 20 адамды қабылдауға араналған фельдшерлік – акушерлік пункті ғимараты салынып 01.11.2018 жылы пайдалануға берілді.
  1. Алматы облыстық құрылыс басқармасы арқылы жалпы құны 621,9 млн.теңге Кеген ауылындағы спорттық сауықтыру кешені салынуда.   

2017 жылы  203 516 млн.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді.  Құрылыс  жұмыстарын аяқтауға  2018 жылға  414 412 млн.теңге бөлінді.  Бүгінгі күнге 214,4 игерілген, құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға орындалып, пайдалануға беріу мерзімі 31.12. 2018 жылға жоспарлануда.

  1. 5. Саты ауылындағы А. Түркебаев атындағы орта мектепттің тамақтану болгіне, акті және спорт залына ЖСҚ даярлауға Алматы облыстық құрылыс басқармасына 28 541 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілген.

Аталған нысанға 2,0 млн.теңге бөлініп, облыстық құрылыс басқармасы арқылы  мемлекеттік сатып алу порталына хабарлама берілді.

2018 жылдың 30 қаршасына дейін жеңімпаз мердігер анықталып,  Кеген ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ арқылы келісім шарт жасалатын болады.  

Кеген ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы   атқаруға жоспарлаған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет.

  1. Кеген ауылынан салынатын 15 жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 262,0 млн.теңге, тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысын жүргізу үшін шамамен 154,3 млн.теңге ;
  2. 2019 жылы Саты ауылындағы А. Түркебаев атындағы орта мектепттің тамақтану болгіне, акті және спорт залына ЖСҚ-ын аяқтауға 26 541 млн.теңге;
  3. Кеген ауданына қарасты екі ауылдық округте (Кеген, Саты) ауылдық әкімшілік ғимараты жоқ.  Кеген, Саты ауылдарынан ауылдық әкімшілік ғимаратын салу үшін жер телімі бөлініп,  мемлекеттік актісін алынған.

Аталған екі ауылдық округке  әкімшілік ғимаратын салу үшін ЖСҚ даярлауға 30,0 млн. теңге  (барлығы  473,0 млн.теңге қаржы бөлдіртуге ықпал жасуыңызды сұраймын).