шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ-і бойынша.

Өнеркәсіп

          Ауданда  өнеркәсіп саласында 2018  жылдың  9 айында 14 млрд. 191 млн теңгенің өнімі өндіріліп  (2017 жылы   10 млрд  680 млн. теңге) нақты көлем индексі  103,1 пайызды құрады. Оның ішінде;

- 8 млрд. 592  млн теңгеге  электр энергиясы  өндіріліп (2017 жылы  8 млрд. 687 млн. теңге),  нақты көлем индексі 89,3 пайызды құрады;

       Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  ЖШС –і « Мойнақ» су электр станциясы  электр энергиясын өндіру 10,7 пайызға төмендеген.

- Өңдеу өнеркәсібінде 5 млрд 591 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, ( 2017 жылы 1 млрд 977  млн. теңге) нақты көлем индексі 393,2 пайызға;

- 7,1 млн теңгеге жерасты суы өндіріліп, ( 2017 жылы 15,6 млн теңге), нақты көлем индексі 34,0 пайызға орындалды.  

Негізгі капиталға инвестиция тарту

       2018 жылдың 9 айында  2 млрд 658 млн теңгеге инвестиция тартылып нақты көлем индексі  149,4 пайызға орындалды.

 - Республикалық бюджеттен – 999,5 млн теңге,

 - Жергілікті бюджеттен – 1 млрд 193 млн теңге,

-  Жеке каржысымен – 459,0 млн теңге,

  - Басқада қаржы қаражатынан – 7,2 млн теңге.

              Биылғы жылы Қарқара ауылдық округінің Мыңжылқы жайлауында «Джади Вилла» туристік демалыс орны қолданысқа берілді. Ондағы  туристерді күтетін үйде  заманауи бөлмелер, асхана, ойын залы бар. Шағын футбол алаңы және монша жұмыс істейді. «Джади Вилла» күніне 15 адам, жылына 2 мың адамға дейін қабылдай алады. Бұл нысанның салынуына 13 млн. теңге инвестиция өз қаражаты есебінен жұмсалған. 6 адам қосымша жұмысқа тартылған.

         «JS Travel» ЖШС-і «Көлсай көлдері» Ұлттық табиғи паркінде қонақ күтетін  10 үйді қайта салуды бастады. Жалпы құны 250,0 млн. теңге. Әр үй 120 шаршы метрді құрайды. 10 үй бір мезгілде 100 адамды қабылдайды.  

           2019 жылы «Park Canyon» ЖШС-і Шарын өзенінің бойынан жобалық құны 1,5 млрд теңге болатын жаңа заманауи құрал жабдықпен қамтылған ойын-сауық паркін салуды жоспарлауда.

Күрметі ауылына жеке кәсіпкер Жамбаев Жүсіп Ресейдің Алтай өлкесінен 100 бас марал алып келуді жоспарлауда.  2021 жылға дейін  маралдың басын 500 басқа жеткізу  межеленуде. Жалпы, бұл құрылым ауданға 300 миллион теңге инвестиция тартады. Бұл  кәсіпкердің негізгі мақсаты-демалыс орнын аша отырып туристерге заманауи қызмет көрсету. Олар Күрметі ауылынан қонақ үй салып, тау өзенінен рафтинг ұйымдастыруды, зоопарк ашуды. Пантамен емдейді, бал арасын және форель өсіру  шаруашылығын дамытуды жоспарлауда.   

Шағын және орта кәсіпкерлік

      Ауданда  2392  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Оның ішінде 181 заңды тұлға,  672  жеке кәсіпкер,  1539 шаруа  қожалықтары. Оларда 5680 адам жұмыс істейді.

   Шағын және орта бизнес субьектілері 9 айда  1798,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп,  бюджетке  324,7  млн теңгенің салығы құйылды. Шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салықтың көлемі жергілікті бюджеттің  37,3  пайызын құрады. (облыс  33,5  пайыз).

«Бизнестің 100 жобасы» бойынша  Кеген ауылдық округінен  3- дүкен, 1- наубайхана,  2- көлік жуу, 1 стоматология  ашылып, оларда 15 адам жұмыспен қамтылды.   

         «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Кеген ауданында мемлекеттік грантқа ұсынылған 10 жобадан  3 жоба мақұлданып, 5,5 млн  тенге  грант берілді.

           62  азамат «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша оқытылып, 18 азаматқа 105,2 млн теңге несие беріліп, олардан  12 жұмыс орнына  ашылып 24 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.