шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Ауданның «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 12-16 қараша аралығындағы атқарылған жұмыстар туралы мәлімет  

Кеген ауданындағы жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы – 732 шақырым, оның 215 шақырымы Республикалық маңызы бар жолдар, 240 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар және 277 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдарға жатады.

Республикалық маңызы бар жолдар бойынша:

“Жалаңаш – Саты – Көлсай көлі” автокөлік жолының Жалаңаш ауылынан Кіші Жалаңаш ауылына баратын 43- 47 шақырым аралығындағы айналма жол бойында, жеке жер телімдері жоқтығы анықталып, КазАвтоЖол мекемесіне хат жолданды.

Облыстық маңызы бар жолдар бойынша: “Кеген – Жалаңаш” автокөлік жолының Талды ауылынан Тоғызбұлақ ауылына дейін 32-57 шақырым аралығына (25,7 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізуде. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер “Алматы жолдары” ЖШС-і. Жөндеу жұмыстарының басталу мерзімі 01.05.2018 жыл. Құрылыс монтаж жұмыстарының жалпы қаражаты 516,0 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда жолдың 25 км орташа жөндеуден өтіп, жалпы жұмыстың 100 %-і аяқталды.

Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша: Кеген ауылының көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 25 млн. теңге қаражат бөлініп, 7300 м2. (6 көше) жол ағымдағы жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер «Жолашар» ЖШС. Жөндеу жұмыстарының басталу мерзімі 15.06.2018 жыл, аяқталу мерзімі 31.08.2018 жыл. Бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары аяқталды. 7300 м2 астальт толық төселінді. Үнемделінген қаражатына қосымша келісім шарт жасалынып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жалаңаш ауылының Серікбаев көшесін орташа жөндеу жұмысын жүргізуге 15,0 млн.теңге бөлінген, Жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер “Лабасы жолдары” ЖШС, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жөндеу жұмыстарының 80 % аяқталды. Атқарылған жұмыстардың актісіне сәйкес 6,9 млн теңге аударылып берілді.

Бөлімнің ішкі жұмыстары бойынша:

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Кеген ауылындағы бағдаршам нысандарына дыбыстық белгі беретін құрылғылар орнатылды.

Нұрлы жол бағдарламасы аясында, Кеген ауылынан автобекет салу жөнінде облыстық жол басқармасымен келіссөз жүргізілді.