шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Білім саласында  21 орта, 4 негізгі, 7 бастауыш  барлығы- 32 мектеп жұмыс істейді.2018- 2019 оқу жылын 5309 оқушымен бастады.

2018 жылы  21 орта мектептен  358 оқушы мектеп бітіріп, олардың  266-ы  ҰБТ –ге қатысты немесе қатысу пайызы 74,3.ҰБТ –дің қорытындысы  бойынша ауданның ортақ балы 96 балды құрады. (2017 жылы ауданның ортақ балы – 84,2 балл), өткен жылмен салыстырғанда  11,8  баллға жоғары болды. Аудан облыс аудандары арасында 1 орынды иеленді.(Облыстық көрсеткіш  80,8 балл).

Аудандағы10 орта мектептің  білім көрсеткіші  97 -120 балдар арасында болған.

 Олар: Қарабұлақ орта мектебі – 120 балл,  Ақсай орта мектебі – 112 балл, А. Нүсіпбеков атындағы орта мектебі – 111,3 балл, Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебі – 106  балл, Бөлексаз орта мектебі – 105,3 балл, С. Бейсембетұлы,

Ж. Ермегияев атындағы орта мектептер -102 балл,

С. Серкебаев атындағы орта мектеп – 101 балл,  №3 Кеген орта мектебі -100 балл, Ұ. Бағаев атындағы орта мектеп 97 балға жетіп жоғарғы көрсеткіштерді көрсетті.

6 орта мектептің ортақ  білім көрсеткіштері  86-95,8 балл арасында болды.Олар: Жалаулы орта мектебі -95,8 балл,  Ақтасты орта мектебі -94 балл, М. Орманов атындағы орта мектеп -93 балл, Қарқара орта мектебі – 91 балл, А. Түркебаев атындағы орта мектеп -89,3 балл, Ы. Көшкінов атындағы орта мектеп -86 балл.

Тек қана Тасашы орта мектебі 73 балл жинап облыстық көрсеткіш деңгейінен төменгі білім сапасын  көрсетті.

Ыстық тамақпен қамтамасыз етуде 17 мектепте  асхана, 9 мектепте  буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. Онда  5218 оқушы ыстық тамақпен, /соның ішінде  әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларынан  597 бала тегін ыстық тамақпен/ қамтамасыз етілген. Бюджет есебінен 12,5 млн теңге қаржы міндетті білім беру қоры арқылы қарастырылған.

Бескөл орталау, Көкпияз, Кеңсу, Түменбай, Сарыкөл бастауыш мектептерінде ыстық тамақ ұйымдастырылмаған, себебі аталған мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүйесі яғни асхана мен буфеттері санитарлық талапқа сәйкес емес.

5 елді мекендегі орта мектептерде  барлығы 243 окушы автобустармен тасымалданып оқытылады. Олар;

(Туменбай, Көкпияз, Алғабас, Мойнақ, Кіші  - Қарқара, Тасашы мектептері).

Білім саласында ақпараттандыру бойынша  кең жолақты интернетке 30 мектеп қосылған, 2 мектеп (Ө. Жаңабаев, С. Серкебаев атындаға орта мектептері)  талшықты интернет жүйесімен жұмыс істейді. Бүгінгі күнгі басты мақсатымыз интернет жүйесін жақсарту.

Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал обьектілерінің тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28-тамызындағы №876 Қаулысын орындау мақсатында аудандағы 13 орта мектепке және Балауса балабақшасына барлығы 10,9 млн теңге бейне бақылау камерасын орнатуға  қаржы бөлініп жыл соңына дейін  қойылатын болады. 

         Цифрлы Қазақстан бағдарламасын іске асыруда аудан орталығындағы С Серкебаев және № 3 Кеген орта мектептерінде 20-балаға арналған IT сыныптар ашылып жұмыс істеуде. 

Мектепке дейінгі  білім беру саласы бойынша ауданда 0-6 жас аралығында 3876 бала есепте болса, /оның 0-3 жас аралығындағы бала саны- 2047, 3-6 жас аралығында-1829 бала/ соның ішінде 543-і мектепалды даярлық сыныптарында, 570-і балабақшаларда, 610–ы  20 мектеп жанындағы шағын орталықтардатәрбиеленеді.

     Жалпы  3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 94,2%-ды құрайды.

Бөлексаз орта мектебін  262,8 млн теңгеге, Ы. Көшкінов атындағы орта мектебін  200,3 млн теңгеге, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биылғы  оқу жылына пайдалануға берілді.

   А. Түркебаев атындағы орта мектептің жанындағы  спорт алаңын  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге  32,0 млн теңге бөлініп  жөндеу жұмыстары аяқталды, сметаға енбей қалған жұмыстарды орындау жалғасуда.

Ауданда  28  білім мекемесі сұйық отынмен,  10 мектеп қатты отынмен жанады. Бүгінгі күнге  лимит бойынша бөлінген 850764 литр сұйық отынның  9 айда 598278  литрі  немесе 70,3  пайызы тасымалданған.

Қатты отынмен жанатын 10 мектепке  қажеті 200 тонна қатты отын толығымен жеткізіліп 100 пайызға орындалды.