шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

«Кеген ауданының дене шынықтыру  және  спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі  бойынша 2018 жылдың осы кезеңге дейінгі атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

         Қазақстан дамуының Стратегиялық жоспарында Президент 2020 жылға қарай республикамызда дене шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткіш деңгейі 30%-ға дейін жету туралы нақты тапсырды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Халқына арналған Жолдауына сәйкес спорттың бұқаралығын, халықтың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында аудан көлемінде спорттық іс-шаралар өткізілуде.

Бүгінгі күні аудан халқы 33 145. Оның ішінде спортпен шұғылданатын адамдар саны  9 610 жетті, яғни аудандағы жалпы халық санының  - 29 пайызын құрады.

       Жалпы аудан бойынша 2018 жылдың 10 айында спорттың әр түрінен  

51  жарыс өткізілді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  спорттың әр түрінен 9- жарыс өткізілді.

 2- рет «Денсаулық фестивалі»,  шаңғымен жүгіруден  3- рет,  волейболдан 7 - жарыс, дзюдодан 3- рет, грек- рим күресінен 2- рет, қазақ күресінен 2- рет  және волейболдан  мұғалімдер арасында 2- жарыс,  шағын футболдан – 4,  жүгіруден 1- рет, стөл теннисінен -3, шахматтан- 5, 4 рет ат бәйгесі, 4- рет көкпар қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу жарыстары өткізілді. 

2018 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.

Елбасының  Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және салауатты өмір салтын насихаттау мен еңгізу мақсатында аудан бойынша 12 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына 12 спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар бүгінгі күні  жұмыстарын атқаруда. Әдіскер нұсқаушылармен 2- рет семинар өткізілді.

 Алдағы уақытта спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Бөлім басшысы                                               Г. Мұқанқожаев