шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

 Кеген ауданының  2018 жылдың 9 айдағы   әлеуметтік - экономикалық

даму  бағдарламасының орындалуы

Ауданда  өнеркәсіп саласында 2018  жылдың 9 айында 14 млрд. 191 млн теңгенің өнімі өндіріліп  нақты көлем индексі  103,1 пайызға орындалды.

- 8 млрд. 592 млн теңгеге  электр энергия, 5 млрд 591 млн теңге өңдеу өнеркәсәбінің өнімі, 7,1 млн теңгеге жерасты суы өндірілді.

     Аудан бюджетінің кірісі жағының орындалуы  салық түсімдері бойынша 2018  жылдың  9 айында 57,8 млн теңге салық түсімдері түсірілді.

  Оның  ішінде:  Республикалық бюджетке -1,2 млн теңге, облыстық  бюджетке - 53,7 млн теңге,  аудандық бюджетке – 2,9 млн теңге түсірілді.                                 

Аудан  бюджетінің  шығысы бойынша 9 айда  2979,5 млн. теңге жоспарланып, одан  2940,7 млн. теңгесі игеріліп, орындалуы 98,7.                            

       2018 жылдың 9 айында  2 млрд 658 млн теңгеге инвестиция тартылып нақты көлем индексі  149,4 пайызға орындалды.

 - Республикалық бюджеттен – 999,5 млн теңге,

 - Жергілікті бюджеттен – 1 млрд 193 млн теңге,

-  Жеке каржысымен – 459,0 млн теңге,

  - Басқада қаржы қаражатынан – 7,2 млн теңге.                                          

       Ауылшаруашылығы бойынша  9 айда 9 млрд 402 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,9 пайызға орындалды.

    Себілген  6490 га күздік және жаздық дәнді дақылдан  (гектарына 20 центнер), 13011 тонна,  майлы дақыл 120 га сафлордан (гектарына 15 центнер), 180 тонна өнім алынды.

  Отырғызылған 2465 га картоптан ( гектарына 180 центнер), 44370 тонна,

271 га көкөністен  ( гектарыны 260 центнер) 7046 тонна өнім жиналды. 145256 тонна шөп дайындалып мал қораларына жеткізілді.            

     Казагрофинанс арқылы   Ұзынбулақ ауылдық округінен «Даулет» шаруа қожалы 1 дана МТЗ-82  тракторын, Қарабулақ ауылдық округінен «Көлбастау» ауыл шаруашылық кооперативі 1 дана МТЗ-82  тракторын,  Қарқара ауылдық округінен  «Мәди» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ-82 тракторын тіркемелерімен, Тасашы ауылдық округінен «Саят» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ-82 тракторын лизингіге сатып  алды.

      Мал басының саны:  Ірі қара – 57848,  (2017 ж. 57848  бас), жылқы -33795, (2017 ж. 33795  бас), қой-ешкі- 207265  басқа жетті (2017 ж. 207265 бас).     

     Мал мен құс етін өндіру тірі салмақта 5758  тонна ет (2017 ж. 5758 тонна), 15077  тонна, (2017 ж. 15077   тонна). сиыр сүті, 567 тонна жүн өндірілді.

   Ауданда  мал тұқымын асылдандыру жұмысымен 8 асыл тұқымды  шаруа қожалықтары айнылысады;   4-асыл тұқымды ірі қара шаруа қожалығында  2087   бас  ірі қара малы бар.( аудандағы жалпы  ірі қараның 4,3% құрайды).  4-асыл тұқымды қой  шаруа қожалығында   8800 бас асыл тұқымды қой бар. ( аудандағы жалпы қой малының  4,4% құрайды).    

Тұқым түрлендіру бойынша  ИАС бағдарламасына 1200 бас аналықты  тіркету жоспарланған. Бүгінгі күнге 1919 аналық бас ИАС бағдарламасына тіркеуге алынып  160,0 пайызға  орындалды.

Экспортқа ет шығарудың жоспары 20 тонна. Бүгінгі күнге « Ұларлы» шаруа қожалығынан   80 бас бұқашықтар сойылып  20 тонна ет Қырғыз  мемлекетіне экспортқа шығарылды.

      Шырғанақ ауылдық округінен «Руслан» шаруа қожалығы 50 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашуға «Аграрлық  кредиттік  коорпарациясы»  арқылы несие алуға  жұмыс жүргізілуде.

Білім саласында 7 бастауыш, 4 негізгі,  21 орта мектеп бойынша (барлығы- 32 мектеп).

2018- 2019 оқу жылын  5309 оқушы  мен бастады. ( 2017 жылы 5469 оқушы, 160 оқушыға азайды).

17 мектепте  асхана, 9 мектепте  буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылып , 5218 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларынан  597 бала  тегін ыстық тамақпен тамақтанады.

5 елді мекеннен   5 орта мектепке  243 окушы автобустармен тасымалданып оқытылады. Олар; ( Туменбай, Көкпияз, Алғабас, Мойнақ, Кіші  - Қарқара, Тасашы мектептері).

Кең жолақты интернет жүйесіне 30 мектеп қосылған, 2 мектеп (Ө. Жаңабаев, С. Серкебаев атындаға орта мектептері)  талшықты интернет жүйесімен жұмыс істейді.

    Ауданда 0-6 жас аралығында 3876 бала есепте тұрады. 0-3 жас аралығындағы бала саны- 2047, 3-6 жас аралығындағы 1829 баланың 543-і мектепалды даярлық сыныптарында, 3 мемлекеттік, 3 жекеменшік балабақшаларда- 570-і,  20 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 610 -ы тәрбиеленіп, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші  94,2%-ды құрады.

Бөлексаз орта мектебін  262,8 млн теңгеге, Ы. Көшкінов атындағы орта мектебін  200,3 млн теңгеге, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биылғы  оқу жылына пайдалануға берілді.

   А. Туркебаев атындағы орта мектептің жанындағы  спорт алаңын  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге  32,0 млн теңге бөлініп  жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

Денсаулық сақтау саласында   64 дәрігер, 327 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.  Жоғары білімді кадрлар жетіспеушілігі әлі де  сақталуда. 10 дәрігер жетіспейді. ( оториноларинголог - 1, офтальмолог -1, неонотолог -2, реаниматолог  -2, неврапатолог -1, эндокринолог  -1, кардиолог -1, педиатр -1.

     Аудандық  аурухананың  материалдық техникалық базасын нығайтуға 53,9  млн теңгеге ота жасау столы, жаңа тұған нәрестелерді демалдыратын аппарат, ( СР ҒР) наркозбен демалдыратын аппаратар сатып алынды.                                    

Ауданда  жыл басынан барлығы 124 азамат    кәсіптік оқуға жіберіліп олар «Көлсай кәсіптік техникалық», «Сарыжаз кәсіптік техникалық», «Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар» колледждерінде оқытылуда. Оқуын аяқтаған  112 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.  (жоспар 87 адам).

    62  азамат «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша оқытылып, 18 азаматқа 105,2 млн теңге несие беріліп, олардан  12 жұмыс орнына  ашылып 24 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.

 Қоғамдық жұмысқа 209, әлеуметтік жұмыс орындарына 38,  жастар тәжірибесіне 44 жұмыссыз азамат жіберілді.

Жұмыс іздеуші ретінде  1001 азамат тіркеліп,  олардың  855 –і жұмыспен қамту шараларына тартылып,  564 –і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

9 айда  жұмыс іздеуші ретінде 31 мүмкіндігі шектеулі мүгедек азамат тіркеліп, оның 15- і тұрақты жұмысқа орналастырылып,   4-і қоғамдық жұмысқа, 5-і кәсіптік оқуға, 3 –і әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.     

 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 азамат тіркеліп, оның 10-ы  тұрақты жұмысқа орналастырылып , 2 –і қоғамдық жұмысқа,  2-і кәсіптік оқуға тартылды.

           9 айда ауданда  380 жаңа жұмыс орны ашылды. ( жоспар 396 орындалуы  95,9 пайыз).                                      

      Ауданда  2392  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Оның ішінде 181 заңды тұлға,  672  жеке кәсіпкер,  1539 шаруа  қожалықтары. Оларда 5680 адам жұмыс істейді.

   Шағын және орта бизнес субьектілері 9 айда  1798,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп,  бюджетке  324,7  млн теңгенің салығы құйылды. Шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салықтың көлемі жергілікті бюджеттің  37,3  пайызын құрады. (облыс  33,5  пайыз).     

     «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Талды, Ақсай  ауылдарының  ауыз су жүйесіне 55 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында толық іске қосылады.

     Жалаңаш ауылының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 млн.теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

         2018 жылдың  9 айында  2 млрд 107 млн теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылып, нақты көлем индексі 2,3 есеге орындалды. 

        1722 шаршы  алаң жеке тұрғындардың есебінен тұрғын үй  пайдалануға беріліп, 86,7 пайызға орындалды.

     9  ауылда 187,6 млн теңгеге полиция пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    129,7 млн теңгеге Кіші Қарқара ауылында  медициналық пункт ғимараты салынып, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіліп, пайдалануға берілді.

    Алматы облыстық құрылыс басқармасы арқылы қабылданып алынды.          

Аудан аумағында жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы – 704 шақырым, оның 215 шақырымы Республикалық маңызы бар жолдар, 243 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар және 246 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдарға жатады.

Республикалық маңызы бар жолдар бойынша: “Көкпек – Кеген –Қырғызстан шекарасы (Тюп)” автокөлік жолының Кеген асуы 41-53 км аралығына (12 км) және Қырғыз шекара маңы 88 – 99 км аралығына (11 км), жалпы 23 км (22,128 км) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

“Жалаңаш – Саты – Көлсай көлі” автокөлік жолының Жалаңаш ауылынан Саты ауылына дейін 43-78 шақырым аралығына (34,2 км) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Саты ауылынан Көлсай көлдеріне дейін      78- 89 шақырым аралығына (11 шақырым жол) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық маңызы бар жолдар бойынша: “Кеген – Жалаңаш” автокөлік жолының Талды ауылынан Тоғызбұлақ ауылына дейін 32-57 шақырым аралығына (25,7 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізуде.     

Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша: 2018 жылы Кеген ауылының көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 25 млн. теңге қаражат бөлініп, 7300 м2. (6 көше) жол ағымдағы жөндеуден өткізілді.    

 Шырғанақ ауылындағы барлық көше жолдарының  ұзындығы 9,5 шақырым. 2018 жылы Шырғанақ ауылына  59,3 млн.теңге қаражат бөлініп, 20455 м2 (5 көше) жол ағымдағы жөндеуден өткізілді. жөндеу жұмыстары аяқталды.

Күрметі ауылындағы барлық көше жолдарының  ұзындығы 2,6 шақырым. Бүгінгі күнге Күрметі ауылына  6 млн. теңге қаражат бөлініп, 0,9 шақырым (1 көше) жол орташа жөндеуден өткізілді.

Жалаңаш ауылының Серікбаев көшесін орташа жөндеу жұмысын жүргізуге 15,0 млн.теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Мәдениет

2018 жылдың 11 шілдесі күні ауданымыздағы Қарқара жайлауында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Қазақстану" ғылыми-ағартушылық жобасының аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық "Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының" және Кеген ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала елінің қонақжай қасиеті" атты "Қымызмұрындық" мерекесі болып өтті. Ауданымыздағы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен ауданымыздың өз алдына Кеген ауданы болып құрылған жағдайында  өткізілді. 

   2018 жылдың  28 шілдесінде  Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінде Керейқұл бабамыздың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. 

    "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы облысының өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 16-17 тамыз аралығында Қапшағай қаласында  "Жобаларды басқару негіздері" оқыту семинар- тренингте  азаматтық жауапкершілікпен жоғарғы белсенділік танытып, бәсекеге қабілеттілік пен прагматизмді дамытуға қосқан үлесі үшін жүлделі I-дәрежелі дипломмен  Кеген ауданы марапатталды. 

Алматы облысы әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың бастамасымен, Алматы облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы және Алматы облыстық көркем өнер галериясының ұйымдастырумен үстіміздің жылдың 10-18 қыркүйегі  аралығында  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кәсіпқой суретшілердің «Туған жерім-тұғырым» атты халықаралық кәсіпқой пленері Саты ауылында өткізіліп, суретшілердің  табиғаты ерекше Меркі, Көлсай, Қайыңды көлдері сынды әсем жерлері бейнеленген суреттердің ең үздік деген туындылары Алматы облыстық «Көркем өнер галериясының» негізгі қорының экспонаты ретінде сақтауға алынды.

Үстіміздегі жылдың 21-қыркүйегінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі-Қоғамдық келісім» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру мақсатында  қазақ тілі білгірлерінің «Көркем ой, көркем сөз, көркем тіл» атты облыстық конкурсқа Ақай Нүсіпбеков атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Савкина Александра Сергеевна қатысып II-дәрежелі дипломмен марапатталып, Астана қаласында өтетін республикалық конкурсқа жолдама алды.

 2018 жылы 7 қыркүйек Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында үйекте Кеген ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер, ыстықсың сен маған» атты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, профессор Ермұрат Үсеновтың авторлық ән кеші жоғары дәрежеде өтті.          

    83,8 млн теңгеге Алғабас аулының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысын  «Азамат Құрылыс»   ЖШС –і  жүргізуде. Бүгүнгі күнге мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының 70% атқарылды.

Ішкі саясат

 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы  5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына байланысты,  аудан  әкімінің 2018 жылы 11 қазанда ақпараттық –насихат тобын  құру  туралы  өкімі    шығып  аудандық ақпараттық  насихат топтары  мүшелері  қырық жеті, насихат топтары  елді мекендерге барып  түсіндіру  жүмыстарын жүргізуде, 2018 жылы 12-қазан айында Кеген ауданының әкімдігінің  мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен аудан активі өткізілді.   

 

Спорт

         Қазақстан дамуының  Стратегиялық жоспарында  Президент 2020 жылға қарай республикамызда дене шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткіш деңгейі 30%-ға дейін жету туралы нақты тапсырды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Халқына арналған Жолдауына сәйкес спорттың бұқаралығын, халықтың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында  аудан  көлемінде  спорттық іс-шаралар өткізілуде.

Бүгінгі күні спортпен шұғылданатын адамдар саны  10620 жетіп, яғни аудандағы жалпы халық санының  - 29 пайызын құрады.

       Жалпы аудан бойынша 2018 жылдың 9 айында спорттың әр түрінен 32 рет  жарыс өткізілді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  спорт түрлерінен 12 рет  жарыс өткізілген.

Елбасының  Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және салауатты өмір салтын насихаттау мен орындау  мақсатында аудан бойынша 12 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарындағы 12 спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар арқылы 2- рет семинар,1 конференция өткізілді.