шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Осы жадынама сыбайлас жемқорлық ұғымдарын, жемқорлық көріністердің орын алу фактілері кезіндегі әрекеті, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге көмектескен жағдайдағы құқықтық жауапкершіліктің дәрежесін түсіндіру мақсатында әзірленген.

Жадынама бірінші кезекте бәріне бағытталған, кімдер:

- пара алуды намыссыз, масқара қылмыс деп танитындар;

- алаяқтың және аферистің көмекшісі болмайтындар;

- әп-сәтте өзінің мүддесінен бас тартып, парақорлардың өршіп кетуіне жол бермейтіндер;

- өзінің мемлекетін жемқорлардың және ұрылардың озбырлығынан еріксіз көретіндер.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6 бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Әрқайсысы өз құзыреті шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын орындауды және бұл үшінкадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдану қамтамасыз етеді.

«Қазақстан республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметіне одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы бойынша мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленіп, осы жөнінде тікелей міндет жүктелді.

1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының ресми талқылауына сәйкес сыбайлас жемқорлық былай мазмұндалады:

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды

тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкімшілік және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.

Егер Сізге пара ұсынса немесе Сізден параны қорқытып алса!

Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты үш қылмыс түрі қарастырылған:

- пара алу (366-бап);

- пара беру (367-бап);

- парақорлыққа делдал болу (368-бап).

Егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші) болады.

Парақорлыққа делдал болуы да мүмкін.

Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі, әсіресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.

Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.

Парақорлыққа делдал болу – яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізу немесе оны іске асыруға ықпал ету.

ПАРА БОЛУЫ МҮМКІН

Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, құнды металлдан және тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, азық-түліктер, бейнетехника және басқа да заттар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және басқа жылжымайтын мүліктер.

Қызмет көрсету және пайда – ем қабылдау, жөндеу және құрылыс жұмыстары, шипажайға және туристік жолдама, шетел сапарын төлеу, ойын-сауық және басқа шығындарды төлеу, тегін немесе кемітілген бағамен беру.

Жасырын (бүркемеленген) пара түрі – банктік көмек несиесін қарызға алу немесе жоқ несиені өтеу, тауарларды төлеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды ең жоғарғы бағамен сатып алу, жалған еңбек шартын жасап жемқорға, оның туыстарына, достарына еңбек ақы төлеу, жеңіл несие алу, дәріс беру, мақалалар және кітаптар үшін қаламақыны аса көтеру, ойынханадағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысын жеңілдету, несие мөлшерінің пайызын көбейту және т.с.с.

Өздігінен пара алуды жүзеге асыру түрлері ол қызметі бойынша жалпы қамқорлыққа және қылмысқа жол беру.

Жалпы қамқорлық және қылмысқа жол беру мемлекеттік қызметке үйлеспейтін әрекет, яғни азаматтардың өзінің қабілеттілігі және кәсіби даярлығы бойынша мемлекеттік қызметке түсуге және мемлекеттік қызметте жоғарлауына құқылы.

Жалпы қамқорлыққа жөнсіз марапаттау, негізсіз кезексіз лауазымын жоғарлату, қажет етпейтін басқа да іс әрекеттеріне байланысты көтермелеулер жатады.

Қылмысқа жол беруге, мысалы, лауазымды адамның тиісті шаралар қабылдамауы немесе пара алушының немесе оның қарамағындағы адамдардың қызметіне, оның заңсыз әрекеттеріне шаралар қабылдамауы жатады.

Жалпы қамқорлығы және қылмысқа жол беруі бойынша пара алу келесі жағдайда болады:

1) пара алушыда пара берушінің пайдасына жасаған немесе жасамаған әрекет (әрекетсіздік) мүмкіндігі сақталады;

2) бұл мүмкіндік бақылаудың жоқтығынан немесе сол адамдардың арасындағы бағыныстылықтан пайда болады;

3) екі адамда берілетін сыйды түсінуі қажет (сый түріндегі пара лауазымды адамның мінез-құлқына сәйкес беріледі).