шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

2020 жылғы 1 қаңтарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді.

Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарда пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады.

Осылайша, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағы нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Осыған байланысты көрсетілген норманы әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заң жобасында тиісті түзетулер қарастырылған.

Аталған түзетуге сәйкес, салықтық міндеттеме мен талап бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден босату бойынша

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заннына жана 57-4 бабы еңгізілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы
1 қаңтарға дейінгі кезеңде  арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:

1) Салық кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);

2) Салық кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;

3) Салық кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.

Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.

Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотерея өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

10) кредиттік бюролардың қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;

16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды».

Патент

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодекстің 685 - бабының 1-тармағы жана редакциясында күшіне енгізілді.

Салық кодекстің 685 - бабын 1 – тармағына сәйкес  патент негізінде арнаулы салық режимін Салық кодекстің 683-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сай келумен қатар:

1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын;

3) біреу немесе бірнесе келесі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыратын:

сылақ жұмыстарын;

ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;

еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;

бояу және шынылау жұмыстарын;

такси қызметін;

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;

фотография саласындағы қызметті;

аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;

басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;

басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

қосалқы білім беру қызметтерін;

өнер саласындағы қызметті;

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;

коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

шаштараз қызметтерін;

маникюрді және педикюрді;

ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;

музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.

Патент бойынша. Не өзгерді.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдан бастап жүзеге асыру кезінде патентті қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі заңды түрде шектелді, оның ішінде саудаалынып тасталды.

Қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне барлығы 32 қызмет түрі кіреді (мүлікті жалға беру; білім беру, аударма қызметтері; фотография қызметтері; шаштараз қызметтері, такси қызметтері және т.б.).

ҰЭМ тізбесін қалыптастыру кезінде 2 критерий - жүзеге асырылуы жалдамалы еңбекті пайдалануды және "үлкен" табысты әлеуетті алуды көздемейтін қызмет түрлері пайдаланылды.

Өтініш берілген Қызмет түрінің сәйкестігін тексеру үшін – СЕН 911.00 ЖК тапсыру кезінде рұқсат етілген СЕӨС серверінде тексеру жүргізіледі және қызмет түрі сәйкес келмеген жағдайда патент беруден бас тарту қалыптастырылады.

 

Бірыңғай жер салығы.

2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілді. Егер қазір салық салу объектісі - жердің бағалау құны болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салу объектісі-оңайлатылған декларациядағы табыс болады.  Табыстың ставкасы  0,5% құрайды.

Бұл жаңа енгізілім БЖС қолданатын және микро - немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын салық төлеушілерге үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатуға мүмкіндік береді.

Барлық жеңілдіктер сақталады.

БЖС төлеушілер кірістен жеке табыс салығын, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, көлік құралдары салығын және мүлік салығын (белгіленген шектерде), әлеуметтік салықты, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді төлеушілер болып табылмайды.

ҚБШС төлеушілер айналымға қарамастан ҚҚС төлеушілер болып табылмайды. ҚҚС бойынша есепке қою қажет болған жағдайда салық салу режимі АШТӨ-ге (-70) өзгереді.

Басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі. БЖС құқығы жоғалмайды.

Мемлекет басшысы бизнес тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуға тиіс парасатты және заңға мойынсұнушы болуға тиіс екенін атап өтті.

Сондықтан, жеңілдікті қолдану кезінде шаруа немесе фермер қожалықтары заң жүзінде көзделген талаптарды, оның ішінде салық есептілігін ұсыну бойынша, қолма – қол ақша және (немесе) Төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу бойынша онлайн-БКМ қолдану бойынша талаптарды орындауы тиіс.

Тіркелген салық

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық заң жүзінде жойылды.

Тіркелген салық төлеушілер салық салудың басқа режимдеріне көшуге және тіркелген салық салу объектілерін есептен шығаруға міндетті (Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, біреуден артық ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер, ойын жолы, карталар, бильярд үстелі, уәкілетті ұйымның айырбастау пункті).

Айырбастау пункттері тек жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыса алады.

Тіркелген салық

Салық кодекстің «Тіркелген салық» 17 тарауы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық жойылады.

Ойын бизнесіне салық

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша төлем заң жүзінде алынып тасталды. 100.00 СЕН ұсыну және КТС төлеу бойынша міндет енгізіледі.

Ойын бизнесі салығы

Салық кодекстің 539 және 540 баптары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойындарға салынатын қосымша салық жойылады.

Бұл ретте, Салық кодекстің 222 - бабының 1-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесі саласындағы және ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ  айырбастау пунктінің уәкілетті ұйымдар корпоративтік табыс салығының салық төлеушілер болып табылады.

Жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Заңнын 27 және 28 баптарына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы (есептеу объектісі –еңбекақы шегеру МЗЖ, бірақ 10ЕТЖ көп те емес), дара кәсіпкерлердің жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді (есептеу объектісі - 1,4ЕТЖ).

Жергілікті салықтар бойынша

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Қаулыға сәйкес Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралырі», Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне Шымкент (республикалық маңызы бар қалалық деңгейге дейін) және Түркістан (облыс орталықтары деңгейіне дейін) қалалары бойынша үшін салық мөлшерлемелерін өзгерту бөлігінде толықтырулар енгізілді.

Жер салығы (505-бап)

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Шымкент (республикалық маңызы бар қалалар деңгейіне) және Түркістан (облыс орталықтарының деңгейіне) қалалары үшін елді мекендер (жер учаскелерінен басқа) жерлері үшін салынатын жер салығының базалық салық мөлшерлемелері жоғарылатылды:

 

Қала

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін

2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оған қосылған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, елді мекендер жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

 

Тұрғын үй қорындағы жер учаскелеріне, оның ішінде оған салынған ғимараттар мен құрылыстарға салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оған қосылған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, елді мекендер жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қорындағы жер учаскелеріне, оның ішінде оған салынған ғимараттар мен құрылыстарға салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

1

Шымкент

9,17

0,58

19,30

0,96

2

Түркістан

7,79

0,39

9,17

0,58

Жеке тұлғалардың мүлік салығы (529-бап)

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкент (республикалық маңызы бар қалалар деңгейіне) және Түркістан қалаларына (облыс орталықтарының деңгейіне) арналған бір шаршы метр тұрғын үйдің, жазғы үйдің базалық құны көтерілді:

 

Қала

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін базалық құн, теңгеде

2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін базалық құн, теңгеде

1

Шымкент

36 000

60 000

2

Түркістан

12 000

36 000

 

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызыметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу туралы.

01.01.2010 жылдан бастап Салық кодексінің 709-бабы 4-тармағының екінші абзацының үшінші бөлігі күшіне енді, сәйкесінше келесі құрылыс нысандарының («Хоргос» ШЫХО-ны қоспағанда): инфрақұрылым, әкімшілік және тұрғын үй кешені жобалық-сметалық құжаттама кірістеріне корпоративті табыс салығының есептелген сомасын 100 пайызға төмендету қолданылмайды.

Акциздердің ставкалары бойынша

Салық кодексінің 463-бабының 4 – тармағына сәйкес (14, 15, 21, 22 – жолдары) 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап сигареттерге акциз ставкалар 13,8% өсті (2019 жылда 8700 тенге/1000 данаға).

Темекі өнімдеріне арналған акциз ставкаларын жоғарлату 2006 жылы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған темекіге бақылау бойынша Негіздемелік конвенцияны (бұдан әрі - Негіздемелік конвенция) іске асыру бойынша қажетті шара болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан акциздер мөлшерлемері:

 – өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) көтерме саудада өткізуі 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы 1 тоннаға 24 935 теңгені;

– импорттау кезінде 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– салық кодексінің 462-бабы 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру                   1 тоннаға 24 435 теңгені құрайды.

Камералдық бақылау

Камералдық бақылау нәтижесімен қалыптастырылған хабарламаны орындалмаған деп тану туралы Мемлекеттік кірістер органдарының Шешімі салық төлеушіге (салық агентіне) почта арқылы, электронды түрде жолданады.

Салық төлеуші Шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасайды. (Салық кодексінің 96-бабының 4-1 тармағы).

Шағымның көшірмесі шешімді жіберген салық органына жіберілуі тиіс.

Бұл ретте, уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда салық төлеуші салықтық тексеріс нәтижесі туралы хабарламаға шағым түсірген жағдайдағыдай шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы ұқсас норма жазылған.

Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру  Шешімге жоғары тұрған салық органына (МКД, МКК) немесе сотқа шағым берген кезде жоғарғы органның шешімі не (немесе) сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау.

Салық кодексінің 71-тарауына өзгерістер жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшу көзделген.

Бірінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты

Салық кодексінің 166-бабында қызметін патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып және арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілердің 2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап БКМ қолдануға өтуді қарастыратын норма күшіне енеді.

Онлайн-БКМ қолдану талаптары жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда өз қызметін жүзеге асыратын бизнес субъектілеріне таратылмайтынына назар аударамыз.

Бейрезидентке салық салу туралы

2018 жылдың 1 қаңтарынан

Салық кодексінің 656 бабының 1 тармағы салық агентінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу міндеттері текшетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасына тұрақты келіп тұратын болып саналған жағдайда ғана туындайтыны туралы шартпен толықтырылған.

Салық кодексінің 656 бабының ережесі бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың кірістеріне қолданылады.

Салық кодексінің 2017 жылғы редакциясында ондай тұлғалардың кірістері келген бірінші күннен бастап салық салуға жатады.

Сонымен бірге, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмауға қатысты келісімдер) тұлғаға тек өзінің резидент елінде ғана табыс салығы салынуы мүмкін.

Анықтама үшін: Салық кодексінің 217-бабына сәйкес, егер жеке тұлға ағымдағы салықтық кезеңде аяқталатын кез келген қатарынан он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк 183 күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.

Жоғарыда аталған кірісті салық салудан босату туралы халықаралық келісімді қолдану үшін шетелдік және азаматтығы жоқ адам Қазақстандық заңды тұлғаға резиденттік туралы анықтаманы ұсынуы керек. Сәйкесінше, резидент-заңды тұлғалар резиденттік туралы анықтама негізінде Қазақстан Республикасында 183 күннен аз уақыт жүрген адамдардың табыстарын салық салудан босатады.

Енгізілген түзету Қазақстан Республикасында 183 күннен аз уақыт жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына резиденттік туралы анықтама ұсынбауға мүмкіндік береді. Алайда, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 202-бабының 1 тармағына сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жоғарыда аталған табыстарына салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасында салық салынбады. Осыған байланысты, бұл түзету 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде енгізілді.

Салық кодексінің 656-бабының 3-тармағын редакциясы нақтылануына сәйкес, егер жеке табыс салығы бейрезидент-заңды тұлғаға төленетін кіріс сомасының 80 пайызынан есептелетін болса, онда мұндай кірістер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында тең үлестермен бөлінетіндігін нақтылады. Сонымен бірге, бұл кірістер кірістерін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінің сомасына азаяды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап

Салық кодексінің 656-бабының 1 тармағында кірістердің тізімі өзгерді. Сонымен, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жұмыс берушіден алған материалдық пайда түріндегі табыстары кірістер тізімінен алынып тасталады, ал бап жұмыс беруші болып табылмайтын адамнан алынған материалдық пайда түріндегі кірістермен толықтырылады.

Бұл өзгертулер мақаланың алдыңғы нұсқасы қабылданбағандықтан енгізілді.

Қосымша қазақстандық салық агентінің бейрезидент-заңды тұлға Қазақастан Республикасына жіберген шетелдік және азамттығы жоқ адамның тамақтануы, тұруы, іссапар және т.б. шығындарына (материалдық игіліктер түріндегі табыс) салық, салуға мүмкіндік береді.

656-баптың 3-тармағы 6 тармақпен толықтыруына сәйкес , егер жеке табыс салығы бейрезедент-заңды тұлғаға төленетін табыс сомасының 80 пайызынан есептелген болса, онда мұндай кіріс жұмыс беруші болып табылмайтын адамнан алынған материалдық пайда түріндегі табыс мөлшеріне азаяды.

Әлеуметтік төлемдер бойынша қарызды өндіру бойынша

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ жаңа редациясында қабылданған.

Жалпы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен әлеуметтік аударымдар бойынша қарызды өндіру бойынша негізгі ережелер сақталған.

Сонымен қоса, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 2-тармағының 7) тармақшасымен төлеуші мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға мiндеттi деп беітілген.

Сонымен қоса, Заңның 17-бабының 6тармағымен Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алатыны қарастырылған.

Агенттің мемлекеттік кірістер органдарына міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ), міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) бойынша, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша қарызды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі тіркелген инкассалық өкім негізінде өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жеке тұлғалардың тізімін ұсынуды қарастыратын ұқсас өзгерістер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген.

Екінші деңгейдегі банктермен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен ақпарат ұсыну туралы

Салық кодексінің 24 бабы 19) тармақшамен толықтырылған, соған сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша салық төлеушілер – тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беруге міндетті.

Салық төлеушілердің тізімі және санаты, ақпарат ұсыну тәртібі, нысаны және мерзімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті органмен анықталады. (ҚР Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы «Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы» №1451 бұйрығы). Сұрау салынатын салық төлеушілер тізімі құқықтық актмен бекітілетін болады – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің Бұйрығымен.

АСР таңдау тәртібі бойынша

Салық кодексінің 679-бабы бойынша нақтылайтын түзетулер енгізілді (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді). Күнтізбелік жыл ішінде салық салу режимінің өзгеруіне тыйым салу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге таралған (АСР ШМБ үшін тыйым салу алынып тасталды).

 

Әлеуметтік төлемдер.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін,

Өзі үшін:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналар сомасы жарналарды есептеу объектісінің 5% құрайды (1,4 ЕТЖ).

олардың пайдасына төлеген әлеуметтік жарналардың сомасы өзін-өзі жариялаған табыстың 3,5%-ын құрайды. Сонымен қатар, ең төменгі айлық кіріс - 1 ЕТЖ (ең төменгі жалақы), максималды - 7 ЕТЖ.

МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары) мөлшері МЗЖ есептеу үшін қабылданған айлық кірістің 10% мөлшерінде белгіленеді. Сонымен қатар, ең төменгі айлық кіріс - 1 ЕТЖ, максималды - 50 ЕТЖ.

Назар аударамыз патент негізінде АСР қолданатын ЖК-ге жеткізу қажеттілігі туралы 2019 жылдың желтоқсанында 2020 жылға (кез келген кезеңге) 911.00 НҚ ұсыну кезінде олар МӘМС төлемін жүргізуі тиіс.

жалдамалы қызметкерлер үшін:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдар сомасы аударымдарды есептеу объектісінің 2%-ын құрайды.

 

Жаңа БКК (Бюджеттік Классификация Коды) бойынша КТС (Корпоративтік Табыс Салығы)  ЖШС үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастапжүргізілетін болады:

101105 "Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы»;

101110 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан - ірі кәсіпкерлік субъектілерінен алынатын корпоративтік табыс салығы»;

101111 "Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы".

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджеттік кірістерінің сыныптамасына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1370 бұйрығымен енгізілді.

"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңының 7-бабының нормаларына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ставкалардың мынадай мөлшерлері белгіленген:

1) ең төменгі жалақы мөлшері-42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері-16 839 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-38 636 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-2 651 теңге ;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 31 183 теңге.

Ставкалардың мөлшері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.