шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Елбасы қоры әдебиетті қолдау мақсатында ұйымдастыратын “Алтын тобылғы” байқауының жеңімпаздары анықталды. Назарбаев орталығында V “Алтын тобылғы” әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. “ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры бұл байқауды жыл сайын 18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар арасында өткізеді. Жоба қазіргі заман әдебиетіне қызығушылықты арттырып, жастардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған. Жыл сайын байқауға қызығушылық артып келеді. Биыл 170 жұмыс ұсынылып соның ішінде жерлесіміз Кеген аудандық мәдениет үйінің режиссері Аршын Нұрбақыт «Жылдың үздік драматургиясы» номинациясы бойынша «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.