шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Жаңа жыл – әсіресе балалар үшін асыға күтетін мереке. Мерекелік қойылыммен өріліп, түрлі сый-сыяпаттармен толығатын дәстүрлі шырша тойы биыл да ерекше мағынада өтті.
Аудандық мәдениет үйінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен әлеуметтік санаттағы балаларға арналған аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков, қоғамдық кеңесінің төрағасы Халық Зықаев, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Бұлбұл Жанұзақова 60 әлеуметтік санаттағы балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, түрлі сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етті.
Жаңа жылдық кеш мерекелік концертке ұласты.