шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

2016-2017 жылдары Қарқара өзенінің тасуы салдарынан «Құмтекей» каналы дамбыларының бәрін су шайып кеткен болатын. Кеген ауданының әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы назарға ала отырып, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысы Дастан Құдабаев , Райымбек аудандық су шаруашылығы, Көлсайирригация мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры – Қуатжан Бейсегеримов бәрі біріге отырып күш салып бүгінде «Құмтекей» каналын қалпына келтірді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары «АЙСЕМиКО» мердігер мекеменің директоры –Серік Айтқожин, бөлім бастығы –Мереке Салимовтардың қарқынды жұмыстың арқасында 31 тамызда біту керек болған канал өз уақытысынан ерте бітіп, бүгін 10 шілде де каналға су жіберілді. - «Құмтекей» каналының жалпы көлемі, ұзындығы 17 шақырымды құрайды.

Бүкіл бір аймақтың тіршілігі каналға тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан бұл каналдың қарқынды, толыққанды жұмыс істеп тұрғаны мұндағы тұрғандардың игілігіне, ауданның экономикасының өркендеуіне де тікелей әсер етпек. Аймақ тұрғындары суға төленетін қаржыны уақытылы өтеп тұратын болса, суда тұтастай халық игілігіне уақытылы пайдалануға беріліп тұрады" деді,- мекеме басшысы.