шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

11 шілде күні ауданымыздағы Қарқара жайлауында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Қазақстану" ғылыми-ағартушылық жобасының аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық "Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының" және Кеген ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала елінің қонақжай қасиеті" атты "Қымызмұрындық" мерекесі болып өтті. Ауданымыздағы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен ауданымыздың өз алдына Кеген ауданы болып құрылған жағдайында қарсы алып отырмыз.

Қымызмұрындық тойына Алматы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, облыстық "Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының" директоры Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлы, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы, Қазақстанның халық әртісі Кенжебекова Алмахан Нұрпейісқызы және облысымыздағы этномәдени орталықтардың төрағалары, аудандық Аналар кеңестерінің басшылары мен өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Ұлттық салт-дәстүріміз жайлы да Елбасымыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында айтып кеткен болатын.

Бұл тіліміз бен дінімізді көтеруге, салт-дәстүрімізді өркендетуге, өшкенімізді жандырып, өрісімізді кеңейтуге бағытталып отыр. Бұл игілікті іс-жақсылықтың бастауы. Мемлекетіміздің болашағы болар жас ұрпаққа тағылым мен тәрбие болар ізгілікті дүние. Қарқарадай жайлауымыз шын мәнінде тарихи орын, қастерлі мекен. Қазақ қазақ болғалы сенімді серігі- жылқы, сусыны- қымыз болды. Ауданымыздың қымызы үлкен сұранысқа ие. Сол арқылы көптеген шаңырақтар игіліктерін құрап отыр. Қымызмұрындық- жаз шыға алғаш бие байлап, оның сүті қорланып ашытылған соң берілетін алғашқы қымыз ішу рәсімі. Қымызмұрындық- өміршең салт-дәстүріміз. Ұрпаққа үлгі етер игілігіміз. Бұл халқымыздың сүттей ұйыған тату-тәтті тіршілігінің, айнымас достығының, береке бірлігінің жарқын көрінісі.