шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Бүгін Кеген аудандық мәдениет үйінде Елордамыз, ару Астанамыздың 20 жылдық мерейлі тойына орай салтанатты шара болып өтті. Шарада аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы Астана күнімен құттықтап, Астананың 20 жылдығына орай марапаттауларды табыс етті. Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары-ару Астанаға 20 жыл! Арадағы 21 жылдан кейін туған ауданымыз қайта қалпына келді. Алдағы мақсатымыз айқын. Мұратымыз биік. Кеген ауданының әлеуметтік, экономикалық жағдайын одан әрі жақсарта беруіміз қажет. Біз бүгінгідей мерейлі қуанышта Елордамыз- Астана қаласы туралы орнымен сөз етеміз. Астана қаласы десе, жанымыз нұрланып, көңіліміз көтеріле түседі. Бүгінгі күні ұлы идея ақиқатқа айналды. Көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы салтанат құрды. Елбасының тағы бір стратегиялық маңызы зор идеясы жүзеге асты. Сүйікті Астанамыз 2000 жылдан бері қарай Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Бүгінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың бесігіне айналған Астанамызда өткен жылы халықаралық мамандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі болып өтті. Сол арқылы біз Орта Азия, ТМД мемлекеттерінің ішінде ең бірінші болып дәл осындай халықаралық көрме өткізген іргелі елге айналдық. Бүгінгі таңда елдің төрі-елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Сәулетті Елордамыз- ұлтымыздың мерейі мен мақтанышы. Жыл сайын жаңарып, күн сайын көркейіп келе жатқан Астанамыздың мәртебесі биік бола берсін! Тәуелсіз Отанымыздың тұғыры биік, ғұмыры ұзақ болсын! Мереке құтты болсын!