шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп атап өтті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Облысымыздың мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатында Департаменттің бастамасымен Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасымен бірлесе облыс аумағында мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы оқыту семинарлары өткізілуде. Аталған оқыту семинар 14 қараша күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткізілді.
Оқыту семинарлары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызмет атқаратын, өтініштерді қарастыратын және азаматтармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысын қамтиды.
Аталған іс-шараларда мемлекеттік қызметтерді жоғары деңгейде көрсету, өтініштерді дер кезінде әрі сапалы қарастыру сияқты көкейкесті мәселелер көтерілді.
Бүгінгі күні осындай семинарлар Ақсу, Көксу, Қаратал, Балқаш, Кербұлақ, Ескелді, Іле, Райымбек, Талғар аудандары мен Қапшағай, Текелі, Талдықорған қалаларында өткенін айта кеткен жөн.
Ұйымдастырылған семинарлар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, олардың тиісті шешімдері ұсынылуда.
Ең бастысы, Департамент жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отырады.