Кеген ауданының 90 жылдығына орай түрлі спорттық шаралар да ұйымдастырылды.
- Подробности
- Опубликовано: 09 ноября 2019
Кеген ауданының 90 жылдығына орай түрлі спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Ауданымызда салынып жатқан спорт кешені жанына облыс әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы мен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпиров арнайы шырша ағашын отырғызды.
Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы алаңдағыфутбол жарысын бастап беріп, спорттық сауықтыру кешенін аралап көрді.
Сонымен қоса ,ауданның 90 жылдық мерей тойына орай қазақ күресінен де ашық біріншілік өткізілді. Ашық біріншілікке Республикамыздың әр өңірінен палуандар келіп қатысты. 2016 жылғы «Қазақстан барысы» Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов өз шеберліктерін көрсетіп, Руслан Әбдіразақов жауырыны жерге тимей бас жүлдені қанжығасына байласа,бірінші орынды Еламан Ерғалиев, екінші орынды Мәди Еділбаев, үшінші орынды жерлесіміз Бексұлтан Әнуарұлы иеленді. Жүлделер мен арнайы кубокты грек-рим куресінен алғаш олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпиров пен Бежин олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтар табыстады. Футбол жарысынан 1 орынды Кеген жастары алды. ¬Қуаныш үстіне қуаныш еселене түсті.