шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына арнайы аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлының қолдауымен Кеген ауылының орталығынан «Балалар алаңы» ашылды. Ұлы Абайдың өзі «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»- деген.

Балалар алаңының ашылуына «Қазақ соқырлар қоғамы Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкершілігімен салынды. Балалар алаңының ашылуына «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің директоры Қасымберкебаев Тәңірберген,Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кафедра меңгерушісі,филиология ғылымдарының докторы,профессор Қалиев Байынқол, Кеген ауданының ардақты анасы Қайынбаева Әзият апайларымыз «Балалар ойын алаңының» лентасын салтанатты түрде қиды. Шара өз жалғасын тауып ауданымыздан шыққан өнер жұлдыздарының концерті және от шашумен аяқталады.