шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылына қарасты Ж.Ермегияев атындағы орта мектеп 100 жылдық мерейлі тойын атап өтті. Тарихы терең, тағылымы кенен ауданның қарашаңырағынан Ақай Нүсіпбеков, Кеңес Нұрпейісов, Нұрғали Мамыров секілді ондаған академик, көптеген ғылым докторлары, Ұзақ Бағаев, Мұқатай Жылқайдаров, Досан Жанботаев, Сапар Байжанов секілді көптеген ақын-жазушылар, Қазтай Ұлтарақов, Әріпбай Алыбаев, Молдан Әлдербаев, Зағипа Балиева, Тұрарбек Асанов секілді көптеген қоғам қайраткерлері шықты.

Өнер тарландары, спорт жұлдыздары өз алдына. Мектептің тойы шырша көшетін отырғызудан басталды. Мәртебелі қонақтар Жамал Ермегияевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Той мектеп ішіндегі мәжіліс залында ғылыми-әдістемелік конференцияға ұласты. Көпшілікті мектептің бір түлегі, аудан әкімі Талғат Байедилов, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, қоғам қайраткері Амангелді Ермегияев, медицина ғылымының докторы, бас кардиолог Әрмен Рысмендиев, мектеп түлегі,Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов, қадірменді қарт Әріп Сыбанбаев, ҚР кино қайраткері Шаяхмет Имашев құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Келелі жиында филология ғылымының кандидаты Жаңыл Асылбекова мектеп тарихы туралы тағылымды баяндама жасады. Осы күні мәртебелі қонақтар мектеп өмірімен танысты. Ондағы мұражайды, кітапхананы көрді. Мерейлі тойға арналған спорттық жарыстар өрнек тапты.