шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне 590 тұншықтырғыш газды анықтау датчиктерін орнату жоспарланған, бүгінгі күнге Алғабас ауылдық округіне – 35, Жалаңаш ауылдық округіне – 72, Қарабұлақ ауылдық округіне – 53 дана орнатылды.

Қалған 9 ауылдық округ тұрғындарына 05.10.2019 жылғы дейін тұншықтырғыш газды анықтау датчиктерін орнату аяқталады.

Бұл датчиктер үй тұрмысында әр түрлі қыздыру және жылыту құрылғыларының дұрыс жұмыс істемей түтін шығарып, көміртегі бар заттарды жағу кезінде, әсіресе оттегінің шектеулі қол жетімділігі жағдайында автоматты түрде дабыл қағады.