шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енген «Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық» осы жылдың аяғына дейін негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығаруды қарастыратынын хабарлайды.

Жеке тұлғалардың салықтық рақымшылық шеңберінде 2019 жылғы       1 қантардағы жағдай бойынша дербес шотта есептелінген өсімпұл сомалары есептен шығарылады, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары бересі сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде мәліметтері жоқ жеке тұлғалардың, дегенмен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты он бес жылдан астам есептелінген салықтан қарызы бар жеке тұлғалардың салық берешегінің сомасы есептен шығарылады.

Осыған байланысты, өткен жылдардағы салық берешегі бар салық төлеушілерге салықтық рақымшылықты қолдану үшін 2019 жылдың соңына дейін  негізгі салықты төлеуіңіз керек екенін хабарлаймыз.

 

                                    Кеген ауданы бойынша МКБ