шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Сыбайлас жемқорлықпен күресте жазалау шарттары  ғана  емес, құқық бұзушылықтың  алдын-алу да маңызды  міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы  жұмыстар,  Райымбек  ауданы бойынша салық басқармасында  салық төлеушілердің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңың жетелдірілуне байланысты ақпараттандыру және жемқорларға қарсы саясатты жүзеге асыру жолдарын талқыға  салатын дөңгелек үстелдер, семинарлар үзбей жүргізіліп отырады. Мысалға, «Жемқолықпен күрес  бойынша өзекті мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастыруды  салық басқармасы дәстүрге айналдырған. Оған аудандық  сот, прокуратура, ішкі істер, салық, әділет басқармалары, ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшылары  немесе өкілдері қатысады.

Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  заңдылығының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдармен бірлесіп  әрекет ету.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қылмыстардың алдын-алу шараларын жүргізудегі деңгейді анықтау, аталған санаттарға істер бойынша  алдын-ала  және де    заң  бұзушылыққа  жол бермеу туралы өзекті  мәселелерді талқылау.  Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқынды жүріп, халықтың әділеттілікке сенімі арта түсті.

Елбасының Қазақстан халқына  Жолдауында: «Тұрғындарға мемлекеттік Қызмет көрсетудің сапасын арттыру-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне  сенімін арттырудың маңызды қыры»делінген. Осы мәселенің бізге де қатысы бар.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі күнің өзекті мәселесі. Қоғамымыз үшін қатерлі дертке айналған сыбайлас  жемқорлықпен  күреске  мемлекеттік деңгейде үлкен маңыз беріліп, биліктің барлық тармақтары жұмылып күрес  жүргізуде. Құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғам құрып, ел экономикасын алға бастыруға зор кедергі келтіріп отырған қатерлі дерт, Оның бетін қайтару үшін, осы кеселді болдырмаудың алдын-алу жолдарын қарастыруымыз керек.Бұл күрес   салық  органдары ғана емес, бүкіл халық болып күрескенде ғана  нәтижелі болады

Салық төлеушілерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы  Д. Мухамедиев