шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Электрондық шот-фактураларды енгізу сатып алушыларға тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер көрсететін өнім берушілермен шот-фактураларды электронды түрде жазуға мүмкіндік береді, яғни ақпаратты өңдеу шығындары және уақытты төмендетеді (оператордың еңбекшығындарын, қағаздарды, принтерлер, орау, почталық маркаларды, жеткізу), сонымен қатар шот-фактура жазу бөлігіндегі кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін көтереді.

Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды енгізу жөніндегі жұмыстар екі бағыт бойынша жүргізілуде:

  • техникалық мінездеме, яғни осыған қатысты бөлігінде «Ұлттық технологиялар ақпараты» Акционерлік қоғамы техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде;
  • әдістеме бөлігінде нормативтік базаны жетілдіру.

Сонымен қатар, электрондық шот-фактураларды құжат айналымы тәртібінде бекітуге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, электрондық шот-фактураның нысаны, жазу тәртібі, жіберу, қабылдау, тіркеу, өңдеу, электрондық шот-фактураларды жіберу және алу, оны куәландыру, сақтау және басқалар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің web-Порталында «Электрондық шот-фактуралар» жаңа бөлімі жасалды, сонда аталған тақырып бойынша, соның ішінде әдістемелік сипатына қатысты ақпараттар орналастырылған.

Салық заңнмасына енгізілетін өзгерістердің тікелей кәсіпкерлердің қызметіне әсер ететінін ескеріп, әдістемелік сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысқысы келгендер, электрондық шот-фактуралар нысаны және электрондық шот-фактуралар құжат айналымы тәртібі бойынша ұсыныстарды Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электронды поштасына жіберуді ұсынамыз.

 

Есептеу. талдау  және ақпараттық  технологиялар  бөлімінің бас маманы  А. Абдраманов