шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздері біріншіден салықтық түсімдерден тұрады: төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығы; жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы; жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы; елді мекендердің жерлерінен алынатын жер салығы; аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.Ал салықтық емес түсімдерде  мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер; коммуналдық меншікті сатудан түсетін кірістер;  жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;  әкімдердің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін өндіріп алатын айыппұлдар қамтылған.

Кеген ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында                2019 жылдың 6 айындажергілікті өзін-өзі басқару аясында, бюджеттің 4 деңгейіне жататын аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық округтері бөлігінде салықтар қетелесіп 3 деңгейге аударылған. Осыған байланысты ҚР Салық кодексінің 103-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, қате төленген салықтың, бюджетке төленген басқа да міндетті төлемнің сомаларын 3 деңгейден 4 деңгейге жататын тиісті ауылдық округтерге есепке жатқызуға жатады.

          Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығын қате аударған салық төлеушілерден есепке жатқызылған салықтар көлемі  жалпы 3 883 858 теңгені құрады. Оның ішінде:

092402 Кегенауылдық округі бойынша 1 875 680 теңгеге;

092403 Жалаңаш ауылдық округі бойынша 363 510теңгеге;

092404 Жылысай ауылдық округі бойынша 340 691теңгеге;

092405 Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 227 805теңгеге;

092406 Қарқара ауылдық округі бойынша183 427теңгеге;

092407 Ұзынбұлақ ауылдық округі бойынша 800 111теңгеге;

092408 Шырғанақ ауылдық округі бойынша 92 634 теңгегетең.

       Осыған орай алдағы уақытта  селолық округтер бойынша болжамның орындалмау жағдайына және берешек қарыздардың қалыптасуына әсер етпес үшін, ауылдық әкімдік пен пошта байланыс торабы, банктер бірлесіп салықтардың тиісті бюджетке аударылына атсалысайық.

 

Бөлім басшысы  Ақжолтаева А