шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Елбасы Н.Назарбаевтың салық жүйесін еліміздің дамуына қарай сәйкестендіруді,оның айқындылығын қамтамасыз етуді,салықтарды әкімшілендірудің тиімділігі мен қарапайымдылығын сақтауды әрдайым тапсыруы бекер емес.

Биылғы Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да шешуші міндеттерінің бірі-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу болды.Әсіресе,2020 жылға кейін шегерілген,жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режимін жаңаша қарастыру керектігі аса маңызды мәселе.Өйткені,осы режимді қолданатын шағын және орта бизнес зор әлеуметтік рөлді,атқарып қана қоймай,сонымен қатар бюджетке елеулі салық түсімдерінің түсуін қамтамасыз етеді.

Бүгінге дейін Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ел дамуы үшін бекітілген бес институционалды реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам жоспарындағы нақты іс-шаралар қолға алынып,жан-жақты іске асырылып жатыр.Атап айтсақ,салық және кеден қызметінің сапасын жоғарылату мақсатындаресімдерін неғұрлым оңтайландыру,яғни экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде Бір терезе қағидатын енгізу,тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу,экспорт және импотр үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.Бұл шаралардың өзі біріншіден халыққа кезек күттірмесе,екіншіден,сыбайластыққа,жемқорлыққа жол бермейді.

Кеген   ауданы  бойынша  МКБ-ы 01.05.2019 жылға бюджетке түсетін салық және басқа датүсімдердің  жалпы  болжамы   538,1  млн теңге,   орындалғаны 645,3  млн  теңге,  болжам 119,9 % орындалды  немесе 107,2 млн теңге  болжамнан  артық  түсті.

  Республикалық  бюджет бойынша  болжамы  262,5  млн теңге, орындалғаны 298,0  млн  теңге, болжам  113,5 % орындалды   немесе  35,5 млн теңге  болжамнан  артық  түсті.

       Облыстық  бюджет  бойынша   болжамы 153,1 млн теңге,   орындалғаны 175,3  млн  теңге, болжам 114,5 %  орындалды  немесе   22,2 млн теңге  болжамнан  артық  түсті.

       Аудандық  бюджет бойынша   болжамы  122,5 млн  теңге,   орындалғаны 172,0  млн теңге, болжам 140,4 %  орындалды   немесе  49,5 млн теңге  болжамнан артық түсті.

       Жергілікті бюджет бойынша  жалпы  болжамы  275,6  млн  теңге, орындалғаны 347,3  млн  теңге,  болжам 126,0 %  орындалды  немесе   71,7 млн теңге болжамнан артық түсті.

Салық төлеушілер арасында,салық есептілігін электрондық түрде өткізудің артықшылығы жөнінде үнемі үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.Мемлекеттік кірістер басқармасында 2019 жылы салық төлеушілердің қатысуымен салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы  45 семинар –кеңестер, 95 Ашық есік күндері өткізілді.БАҚ-да Салық кодексін түсіндіру бойынша 40 мақала жарияланды.Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында қызметкерлер арасында құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып 46 дөңгелек үстел өткізілді және БАҚ-да 26 мақала жарияланды.

 

 Бөлім басшысы  Қ. Ускеленов