шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас? Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық сұрақтар бойынша толық ақпаратты осы мақаланы оқып таба аласыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына ауырған, мүгедек болған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негізде ең төменгі жалақы мен зейнетақыға, жасы бойынша әлеуметтік қамтамасыз етуге кепілдік беріледі.

Республикада зейнетақымен қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстар Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылады.

Зейнетақы – бұл мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдернің және (немесе) жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдіктер және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар

ҚР зейнеткерлік жас

Ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас 6 ай. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 11 бабына сәйкес әйелдер үшін зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріледі.

Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен көтерілуі:

• 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;

• 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;

• 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;

• 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;

• 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;

• 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;

• 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;

• 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;

• 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;

• 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда.

Осылайша, бұл 1960-1964 ж. ж. туған әйелдерге қатысты болады.

Бұден ерте жаста шығуы келесі тұлғалар үшін қарастырылған:

1) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (5 жылдан кем емес) экологиялық қауіп аймақтарында тұрған, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтар;

• ерлер – 50 жасқа толғанда;

• әйелдер – 45 жасқа толғанда.

2) 5 және одан астам бала туған немесе асырап алған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, 53 жасқа толғанда.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы әйелдер үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде зейнетақы аннуитетін иеленген жағдайда 50 жас 6 айда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы сақталды.

 

Зейнетақы түрлері

Қазіргі уақытта Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

бірінші деңгейі (базалық) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (республикалық бюджет);

екінші деңгей (міндетті) – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ынтымақты жүйеден (республикалық бюджет) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақылар;

үшінші деңгей (ерікті) – ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер.

Базалық деңгейде зейнеткерлік жасқа жеткен кезде азаматтарға, сондай-ақ республиканың аумағында тұрақты тұратын адамдарға тағайындалатын және ынтымақты және/немесе жинақтаушы зейнетақы алуына қарамастан жүзеге асырылатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі базалық деңгейде көзделген.

Қазіргі уақытта базалық зейнетақы төлемінің мөлшері барлық алушылар үшін бірдей және 16 037 теңге құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар 2 млн. адам.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Жолдауды жүзеге асыруда оны тағайындау әдістемесі өзгерді. Ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.

Жаңа базалық зейнетақы тағайындау механизмі мынадай:

Оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан кем жыл немесе оның болмаған кезінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) 54%-на тең болады, 10 жылдан асқан кезде әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылады да өтіл мерзімі 33 және одан көп болған жағадайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады.

10 жылдан асқан кездегі әрбір еңбекпен өтелген жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға ұлғайтылады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жыл – базалық зейнетақы ЕТКД-ң 74%, 30 жыл жұмыс істегенде – базалық зейнетақы – ЕТКД-ң 94%, 33 жыл және одан астам жыл базалық зейнетақының мөлшері ЕТКД-ң 100% құрайды.

Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысудың өтілінде келесі қамтылады:

- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбекпен өтелген еңбек өтілі,

- жинақтаушы өтілі (1998 жылғы 1 қаңтардан кейін нақты зейнетақы жарналарын төлеу өтілі);

- өзге де әлеуметтік-маңызды кезеңдер (3 жасқа дейінгі бала күтімі – бірақ 12 жылдан астам емес – бұл еңбек өтілі ретінде қабылданады, бірінші, екінші топтағы мүгедек, немесе 80 жастан асқан адамдарға, бала кезінен бастап 16 жасқа дейінгі мүгедектерді қарап-күту кезеңдері, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, дипломатиялық қызметкерлер және т. б. жұбайының (зайыбының) тұру уақыты).

Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа әдістемесі әлеуметтік әділеттілік қағидасына сәйкес келеді, өйткені тек зейнеткерлердің материалдық жағдайын жақсартуға ғана мүмкіндік бермей, азаматтарды еңбекке ынталандыруды және олардың еңбек қатынастарын заңдастыруды күшейтуге қызмет етеді. Яғни, адам қаншалықты ұзақ жұмыс істесе – соншалқты оның зейнетақысы көбірек болады (жинақтаушы да, базалық та).

Бұл жаңалық болашақ және бүгінгі зейнеткерлерге қатысты болады, олардың базалық зейнетақысы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қайта есептеледі.

Екінші деңгей (міндетті) – бұл:

1) 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған еңбек өтіліне байланысты республикалық бюджет есебінен төлененті ынтымақты зейнетақылар;

2) қызметкерлердің жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) төлемдер.

Жасына байланысты ынтымақты зейнетақыны тағайындау кезінде еңбек өтілі тек 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана есепке алынады, өйткені осы күннен бастап барлық жұмыс істейтін адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуын көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу басталды.

1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі үшін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы жинақтарын негізге ала отырып БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады.

Заңға сәйкес жасына қарай зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан кез келген қатарынан 3 жыл үшін орташа айлық табысқа негізделіп жүзеге асырылады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардан басталатын мерзім үшін орташа айлық табыс мөлшері БЖЗҚ-на міндетті 10 пайыздық зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес орнатылады.

Заңмен жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін, ынтмақты зейнетақыны (46-айлық есептік көрсеткіш шегінде есепке алынады) есептеу үшін алынатын орташа айлық табыстың (ОАТ) шекті мөлшері, сондай-ақ зейнетақы төлемінің ең жоғарғы мөлшерінің шектеуі (ОАТ-ң 75%) көзделген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес ынтымақты

зейнетақылар мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға озып жыл сайын индекстеледі.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алынатын зейнетақы

Барлық жұмыс істейтін адамдар міндетті зейнетақы жарналарын аударуды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты, бұл ретте әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-да ашылған жұмыскердің жеке зейнетақы шотына жұмыскердің ай сайынғы табысының 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақының 75 есе мөлшерінен артық емес) МЗЖ-ын тұрақты аударып отыруды жүзеге асыруға міндетті.

Заңның 31-бабына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар:

1) зейнеткерлік жасқа жеткен кезде – әйелдер үшін 58 жас 6 ай / ерлер үшін 63 жас;

2) ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу жолымен ерлер 55 жасқа, әйелдер 50 жас 6 айға толған кезде;

3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен, шығу фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем емес БЖЗҚ-нан ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін белгілеу Әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төдемдерінің бір жалдық соманың он екіден бір бөлігі ретінде анықталады.

"Біржолғы" алу құқығы, яғни зейнетақы төлемін БЖЗҚ-нан бірден алу мүмкіндігі тек қана жинақтарының жалпы сомасы ең төменгі зейнетақының 12 есе мөлшерінен аспайтын (2018ж. – 404 940 теңге) тұлғаларда бар.

Егер жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем соманы құрайтын болса, бұл қалдық кезекті төлем сомасымен бірге төленетін болады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібіне енгізілген өзгерістер бюджет қаражаты есебінен және БЖЗҚ-нан жинақтаушы зейнетақы есебінен жиынтық ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға да, БЖЗҚ-нан ай сайынғы төлемдердің ұзақтығына да жағдай жасайды.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады және оларға инфляция деңгейін ескере отырып міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдік қолданылады.

МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын алу үшін азаматтар БЖЗҚ-а жүгініп келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

- зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш;

- алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

- алушының банк шоты туралы мәліметтер;

МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады және оларға инфляция деңгейін ескере отырып міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдік қолданылады.

Үшінші деңгей (ерікті) – ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер.

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың өзінің бастамасы бойынша БЖЗҚ-на және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өзі үшін немесе үшінші тұлғалар салатын ақша. Олардың мөлшерлемесі, төлеу кезеңі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартымен анықталады.

Ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары – бұл ерікті зейнетақы жарналарын өзінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Тұтастай алғанда, ерікті зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі зейнетақымен қамтамасыз ету үшін азаматтардың жеке жауапкершілігін ынталандырады.

Осылайша, қолданыстағы зейнетақымен қамтамасыз ету моделі әрбір азаматтың өзінің болашақ зейнетақымен қамтамасыз ету үшін дербес жауапкершілігіне бағдарланған.