шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

2019 жылдың 1-сәуірінен бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету заңдылықтарына біршама өзгерістер енгізілді. Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру үшін ауылдық жерде тұратын отбасылар ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді. Бекітілген нысандағы өтінішпен бірге жеке куәлікті ұсынады. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуде болу қажет.

Отбасының жиынтық табысын есептептеуде бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін жақын туыстар, яғни ата, әже, әке, ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен әкпе-қарындастар, немерелер есепке алынады.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2019 жылдың 1 сәуірінен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған,  құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және студенттерге төленетiн стипендия отбасының жиынтық табысын есептеуде қарастырылмайды. Ал еңбекақының барлық түрлері, зейнетақы, кәмелетке толған азаматтардың мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайына, баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты, тағы басқа да әлеуметтік төлемдер есептелеледі. Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс аталған Ережеге сәйкес жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасына сәйкес қарастырылатын болады.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2019 жылдың 1-сәуірінен бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің көлемі жан басына шаққандағы орташа табысы есептелген кедейлік шегінен  төмен отбасының кәмелетке толған мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасына тең мөлшерде есептелсе, осы отбасындағы балаларға, оның ішінде жиырма үш жасқа дейінгі, күндізгі бөлімде оқитын студенттерге  кедейлік шегінен төмен емес мөлшерде тағайындалады.

Кедейлік шегінің мөлшері 2019 жылғы 1 сәуірден бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде  айқындалады. 2019 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі 29698 теңгеге тең, яғни кедейлік шегі (29698*70%)  20789 теңгені құрайды.

         Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен  алты кәмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық:

Ай сайынғы табысы:

  • Әкесінің еңбекақысы – 130 000 теңге;
  • Анасы бала күтімінде, «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 16160 теңге;
  • Қосалқы шаруашылықтан 1 сиыр – 27932 теңге.

Отбасының жиынтық табысын есептеуде әкесінің жалақысы мен қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс ескеріледі (130 000 + 27932) =157 932 теңге. 157932 теңгені отбасындағы 8 жан санына бөлсек 19742 теңгеден келеді. Бұл кедейлік шегінен (20789 теңгеден) төмен болғандықтан, отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалады. Кәмелетке толмаған балалардың әрқайсына 20789 теңгеден (20789 * 6) = 124734 теңге, кәмелетке толған екі адамға (20789 – 19742) *2 = 2094 теңге, барлығы 124734 + 2094 = 126828 теңге  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Бұл ретте, аталған отбасында әкесінің тұрақты жұмысы болғандықтан, әлеуметтік келісім шарт жасаспай, атаулы көмек тағайындалатынын ескерген жөн. Ал осы отбасында әкесі жұмыс жасамайтын болса, онда жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрып,  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу жайлы әлеуметтік келісім шарт жасасқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ал анасы жеті жасқа дейінгі бала күтімінде отырғандықтан, оған әлеуметтік келісім шарт жасасу міндетті емес.

Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап алты ай мерзімге, ал шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан әлеуметтік келісімшарт жасалған мерзімге (он екі айға дейін) тағайындалады.

 

  Сарсенбаева Зинагүл Әлдибекқызы

Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік                          бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі