шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының     2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Яғни, құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті мүшелері зейнеткер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар немесе жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап алты айға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар табысы аз отбасыларға , олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмекті тағайындау шарты - еңбекке қабілетті азаматтар мен жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу жөніндегі міндеттемелері көрсетілетін әлеуметтік келісімшарт жасасу болып табылады.

Шартты ақшалай көмекті уәкілетті орган әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзіміне (он екі айға) өтініш жасалған айдан бастап тағайындайды және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе бір рет төленеді.

Біржолғы шартты ақшалай көмек үш айда бір рет төленеді.

Біржолғы төлем әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрын алған қарыздарды өтеуді, тұрғын үй сатып алуды қоспағанда) ғана қолданылады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу аз қамтамасыз етілген отбасының келесі мүшелеріне шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды:

бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне;

екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға;

жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын адамдарға;

тұрақты жұмысы бар адамдарға.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді. Өтініш берушіге шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы, атаулы әлеуметтік көмек мөлшері туралы консультация беріледі. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.

 Консультация беру нәтижелері бойынша өтініш беруші отбасының атынан бекітілген нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішпен жүгінеді.

Өтініш қабылдау кезінде әкім «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) оралман мәртебесі туралы;

3) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы;

4) уәкілетті ұйымдағы жәрдемақыларды беру жөніндегі банктік деректемелері туралы;

5) мүгедектікті белгілеу туралы;

6) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамызға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

7) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

8) бала асырап алу туралы;

9) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;

10) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;

11) табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар);

12) жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы;

13) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы.

14) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

17) алимент туралы не берешектің болуы туралы;

18) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

Өтініш беруші осы көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды өз бастамасы бойынша қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы.

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін талаптарға сәйкес болған жағдайда, әкім  өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Өтініш қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің отбасының материалдық жағдайын тексеру және бекітілген нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін өтініш берушінің қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді.

Учаскелік комиссия әкімнен құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оны әкімге жібереді. Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – кәмелеттік жастағы әрекетке қабілетті отбасы мүшесінің қатысуымен жүргізіледі.

Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын жұмыспен қамту орталығына  береді.

Жұмыспен қамту орталығы құжаттарды қабылдаған күні еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша Халықты жұмыспен қамту туралы заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеуші адам ретінде тіркейді. Бос орындар (лайықты жұмыс) бар болса, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды ұсынады.  Үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шаралары қамтылған жеке жоспарды құрастырады және бекітілген нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.

Әлеуметтік келісімшартта жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері көрсетіледі.

  Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің (құжаттардың) немесе әкімнен алынған  құжаттар пакеті мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде:

1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;

2) адамның (отбасының) жиынтық табысын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің қағидаларына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді.

3) шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін алынған өтініш берушінің мәліметтерін (құжаттарын) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді;

4) адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық шешім жобасын  дайындайды, олар орталық маманының, орталықтың құрылымдық бөлімшесі басшысының және орталық басшысының электронды-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құжаттар пакетін және электрондық шешім жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәліметтердің толықтығын және дәйектілігін тексереді. Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуды жүзеге асырады. Таңдалған атаулы әлеуметтік көмек түрінің, жиынтық табысын есептеудің және атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің дұрыстығын тексереді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні әкім арқылы, ал бас тартылған жағдайда – оның себебін көрсете отырып жазбаша хабарландыруды жүзеге асырады.

Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

 

  Сарсенбаева Зинагүл Әлдибекқызы

Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік                          бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі