шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

100-нақты  қадам

 Ұлт жоспарына  экономикалық  көзқарас

Өткен  жылдың   сәуір айында    Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Қазақстан  республикасының  Президенті лауазымына  кірісу  рәсімінде    «Мемлекеттің  құрылыстың  одан арғы  100 нақты  қадамы» атты  Ұлт жоспарын   халықтың  алдына  жолдаған  еді.

Ұлт жоспары  Институционалдық  реформаның  үшінші  жүйесі  «Индустрияландыру және  экономикалық  өсім»  деп аталып, өз  ретінде   50 нақты  қадамнан  түзілген.   Аталмыш  нақты  қадам  ең  үлкен  жүйе  ретінде  қоғамның  негізі  болып  саналатын  экономикаға  оның  даму  бағытын  белгілейтін  индрустрияландыруға  бағытталған  Бұл блокта  әлі күнге  дейін  өз  шешімін  таппаған  экономиканың  түрлі  салаларындағы  мәселелер  бойынша  нақты  қадамдар  белгіленген. Әсіресе  назар  аударылған  іс-шаралар: салық  салу  жұмыстарын жетілдіру  кеден  саясатын оңтайландыру, азамматтардың  кіріс-шығысын  жариялауды  кезең-кезеңімен өткізу, өндіріс  саларындағы  мемлекеттік  монополиялардан  бірте-бірте бас тарту, экономиканың  басым  секторындағы  халықаралық  бірлескен кәсіпорындар  құру, әлемнің  негізгі  қаржы  орталықтарымен  ара  қатынасты  дамыту  және Астана  халықаралық  қаржы  орталығын  құру, ет өндірісі  мен  өңдеуге  стратегиялық  инвесторларды  тарту және т.б.

 Әлемдегі дамыған 30 елдің   қатарына қосылу   мүмкіндігі  осы  100 қадам  арқылы  жүзеге асады.  Сондықтан 100 қадам  жүктелген  міндеттерді  жүзеге асыру -өте  жауапты  іс.

Салық төлеушілерді   әкімшілендіру  бөлімінің  басшысы  Қ. Ускеленов

Сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  жалпыға  ортақ  міндет

Cыбайлас  жемқорлық  дегеніміз  ел  беделіне  көлеңке  түсіретін  мемлекеттің  халықаралық   рейтінгісіне  кері  әсерін  тигізетін   қоғамдағы   демократиялық  өзгерістерді  жүзеге  асыруды  тежейтін, ондағы  тұрақтылыққа  өз  зиянын келтіретін  келеңсіз  әлеуметтік  құбылыс  болып  табылады..

Сонымен   қатар   бұл  құбылыс  кәсіпкерлікті   бәсеңдетіп, халықтың  заң мен  шындыққа,  билікке  деген сенімін  әлсіретіп, күрделі  экономикалық және  әлеуметтік-саяси жағдай қалыптастыратын  қауіпті кесел.

«Қазақстан-2050  Стратегисының   мақсаттарына   сыбайлас жемқорлықпен  ымырасыз  күрес жүргізу арқылы ғана  қол жеткізуге  болатынын   алға  тартқан Елбасы «Мемлекет пен   қоғам  біртұтас  майдан  құрып  жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық  жай  құқық  бұзушылық емес. Ол мемлекеттің  тиіміділігіне  деген  сенімді сетінетеді және және  ұлттық қауіпсіздікке  төңген тікелей  қатер  болып  табылады», деген болатын

Сыбайлас жемқорлықпен  күресуді   күшейту  мәселесі  Елбасының  жарияланған бес институционалдық  реформаларын   жүзеге  асырудағы 100 қадам  Ұлт жоспарында да орын алып,13 қадамда  нақтыланған.

Осылайша  бұл теріс  феноменмен  күресу тек мемлекеттің  ғана емес, барлық азаматтардың, қоғамның  ортақ  міндеті болып  табылдады. 

Әлемдегі  орын  алып  жатқан   экономикалық  қиындақтар кезінде, елімізде   кәсіпкерлікті  қолдап,  бизнестің  дамуына  жағдай  жасауды  мақсат  тұтқан  саясаттың да  тиімді  жүзеге  асырылуы  ең  алдымен, мемлекеттің  кірістер  органдарының  адал  әрі  заң  шеңберінде  жұмыс  істеуіне,  кәсіпкерліктің  дамуына  жағдай  жасауына  байланысты  болып  келеді.

Салық  және  кеден  салаларында  сыбайлас жемқорлықпен күресу   салық  төлеушілердің, сыртқы  экономикалық  қызметке  қатысушылардың  салық  немесе  кеден  қызметкерімен  тікелей  байланысқа  жол  бермейтін   ақпараттық  технологиялар  енгізу, қызметкердің іс-әректтері менқ кедендік  шекарадағы  өткізу  пункттеріндегі және  аудандық  кірістер  басқармасындағы  ақпараттарды  қабылдау  және  өңдеу  орталықтарындағы рәсімдерді  технологиялық  бақылау, кеден  бекеттерін жаңа  техникалық  құралдарымен, инспекциялық-тексеру  кешендерімен  жабдықтау, жекелеген    мемлекеттік  қызметтік  түрлерін автоматтандыру, салықтық  есептіліктерді   оңайлату, электрондық  декларациялауды  енгізу  және  жетілдіру, сондай-ақ  профилактикалық   алдын-алу  шаралары   басым бағыт  болп  табылады.

Профилактикалық мақсатта, қолданыстағы    заңнама ережелері  мен  оларға енгізілген  өзгерістер  мен  толықтыруларды  дер  кезінде  халықтың  назарына  жеткізіп, олардың құқықтарын  насихаттау, мемлекеттік  қызметкерлерге  сыбайлас жемқорлық үшін  жауапкершілік салдарын ұғындыру шаралары  да өз әсерін  тигізері  анық.

Әрине  сыбайлас  жемқорлықпен  күресудің өзіндік  қиындықтары  да кездеседі. Атап  айтқанда көбіне мұндай  сыбайлас жемқорлық  орнатуға  екі жақта мүдделі  болып  келеді,мемлекеттік  қызметші  үшін  бұл заңсыз  табыс көзі болса, бизнес өкілі үшін ол кеден немесе салықтық  рәсімдерді  тездетіп, бюджетке  төленетін  төлемдерді  азайту  болып  табылады.

Сол  себепті  де мұндай  ауыр кеселді тек мемлекеттік  және  құқық  қорғау органдарының  күшімен  жеңу қиын.Жемқорлықпен күресуді бүкіл  халық болып қолға алып  қана  тоқтатуға  болады. Қазақстан  Республикасының 2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  стратегиясының  алатын  орны    ерекше екендігін  атап  өту қажет. Атадған  стратегия  Еліміздің  алдағы жылдары   сыбайлас жемқорлыққа қарсы  саясатының  негізін  нықтап берген.Онда  басты назар сыбайлас жемқорлықтың  салдарымен күреске емес, оның алғы  шарттарын, оны  тудыратын  себептер мен жағдайларды  жоюға  және  оның  деңгейін  қысқартуға  арналды.

Стратегияның  бір ерекшелігі  ретінде  онда   сыбайлас жемқорлық профилактикасының пәрменді  тетігі .ретінде  қоғамдық  бақылау  институтын  енгізу   көзделгендігін және ол үшін  «Қоғамдық  бақылау  туралы» Заңның  қабылдану  жоспарланғандығын  атап  өтуге  болады.

Мұндай  бақылау   азаматтық  қоғам  институттарын   жандандыруда,  мемлекеттік институттардың  беделін  нығайтуда   және мемлекеттік  аппарат  жұмысының  сапасын  арттыруға  жәрдем  ететін азаматтық  қоғамды  одан  әрі  дамытуда  зор  роль  атқаратын  болады.Осылайша  сыбайлас  жемқорлықпен күресу-жеке және  мемлекеттік  мүдделерді  реттей  отырып, жалпы қоғам болып жүзеге асыратын  өте  жауапты да, маңызды  шара  болып  табылады.Сондықтан да  еліміздің  қарқынды дамуы  үшін  әр бір мемлекеттік қызметші білікті және адал болып, мемлекеттік  мүдделерді басым тұтып, жеке және заңды  тұлғалардың  құқықтрын мен заңды мүдделерін  сақтай отырып, халықтық билікке  деген  сенімін  арттыруға, Елбасымыздың  100 қадам Ұлт жоспарының  жүзеге  асырылуына   өз  тарапынан  бар күш  жігерін  салуға  шақырды

         Салық төлеушілерді әкімшілендіру  бөлімінің  бас маманы    Д. Мухамедиев                    

Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы

  1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
  2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдем көрсетуге міндетті.
  3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары салық Кодексінің 573-баптың3-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау (мемлекеттік экологиялық бақылау) бойынша өздері жүзеге асырған тексерулердің нәтижелері бойынша мәліметтерұсынуға міндетті.
  4. Уәкілетті мемлекеттік органдар Салық Кодексінің 26-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
  5. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салықтар жинауды жүзеге асыру бойынша салық Кодексінің 21-бабында айқындалған тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
  6. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер ұсыну жөніндегі өкілеттіктері Салық Кодексінің Ерекше бөлігінде айқындалады.
  7. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды осы Кодексте айқындалған тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
  8. Салық органдары салықтық тексеру барысында еңбекпентабылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындынытексерілетін салық төлеушіге қатысты алу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.

  1. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетеді.

Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өзара іс қимыл жасау тәртібі бірлескен актідеайқындалады.

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жеке тұлғаның (жеке тұлғаға), заңды тұлғаның (заңды тұлғаға), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесіне) мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізілген, 50 000 АҚШ долларынан астам сома баламасында валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдері және (немесе) ақша қаражатының аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты уәкілетті органға береді.

Осы  ақпарат уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде жіберіледі.

  1. Салық органдары өндірушілер бойынша ақпаратты олардың заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын береді.
  2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және (немесе) құпиялылық туралы келісімдердің көшірмелерін және (немесе) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының пайдалы қазбалардың қорларын бекіту және пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік балансқа қою туралы хаттамаларын, сондай-ақ оларға толықтырулар мен өзгерістерді жасалған немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, оның ішінде автоматтандырылған ақпарат алмасу жолыменсалық органына ұсынады.

13.Жергілікті атқарушы органдар халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтерді орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынады.

 

Салық  төлеушілерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Л. Узбекова

Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау

  1. Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі соттың күшіне енген шешімі негізінде оны хабарсыз кеткен деп таныған кезден бастап тоқтатыла тұрады.
  2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салықтық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.
  3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салықтық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
  4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салықтық берешектің күші Салық Кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

 

Қайтыс болған жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу

  1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау күнінежиналып қалған салықтық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде өтейді.

Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салықтық берешектің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

2.Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған (кәмелетке толмағандар) болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналып қалған салықтық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана мұндай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде жүктеледі.

  1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау күнінежиналып қалған салықтық берешегі, егер:

1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салықтық міндеттемеден босатылған;

2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болған жағдайларда, өтелген болып саналады.

Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салықтық берешектің күші Салық Кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

  1. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күнінежиналып қалған салықтық берешектіөтеу кезінде қолданылады.

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық

 міндеттемесін орындау

 

  1. Дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқанжеріндегі салық органына бір мезгілде:

1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.

  1. Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылғансалықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімітаратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсынутаратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

  1. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

  1. Қызметітоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін салықтық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
  2. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен оның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен өтеледі.
  3. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық берешегін өтеу есебіне Салық Кодексінің 102 бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар Кодекстің айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

  1. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтық берешек болмаған кезде:

1) салықтардың,бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары Салық Кодексінің айындалған тәртібімен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары Салық Кодексінің айқындалған тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің  айқындалған тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

  1. Қызметітоқтатылған дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі салықтық тексеру аяқталғаннан кейін және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешек болмағанда белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.
  2. Салықтық міндеттеме орындалған күн дара кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.

10.Салық Кодексінің 8-тармағына сәйкес салықтық міндеттемеорындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

Салық Кодексіне сәйкес қызметті тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін қолданатын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

 Салық төлеушілерге жәрдемдесу

 

  1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне):

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

2) салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсыну;

3) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша электрондық төлем құжатын қалыптастыра отырып, электрондық нысандасалықтық есептілікті, Салық Кодексінде белгіленген өзге де есептіліктіұсыну үшін бағдарламалық қамтылымды беру;

4) жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну;

5) салық органдарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

6) салық органдарының ұтқыр топтарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппенжеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауы жолымен жәрдемдеседі.

Салық  Кодексінің мақсаттарыүшін салық органдарының қызметкерлерінен тұратын, жеке тұлғалардың декларацияларын жасаубойынша консультация беретін және салық төлеушілердіңжекелеген санаттарынан осындай декларацияларды қабылдауды жүзеге асыратын көшпелі топсалық органдарының ұтқыр тобы болып табылады;

7) салық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;

8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу жолымен жәрдемдеседі.

  1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты олардың назарына жеткізу жолымен хабардар болуын арттыру мақсатын көздейді.

Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ
бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпаратты орналастыру жолымен жүзеге асырады.

  1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.
  2. Бағдарламалық қамтылым оны орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі, бұл салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге арналған электрондық төлем құжатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  3. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салықтық міндеттемелерінің сомалары және (немесе) салықтық берешектіңбар сомасы туралы мәліметтерді:

1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

2)коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушіесеп айырысуларүшін қолданатын құжаттарда көрсету;

3) салық төлеушінің электрондық поштасының мекенжайларына жіберу;

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне қысқа мәтіндік хабар жіберужолымен ұсынады.

Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жеріндегі салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.

  1. Салық органдары салық төлеушілердің (салық агенттерінің) интернет-ресурстар арқылы тегін негізде ақпарат алуына көмек көрсетеді.

 

Мемлекеттік мекемелердің мүлікті сенімгерлік басқаруға

беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

 

  1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе,мүлік салығы, жер салығыжәне көлік құралдарысалығы бойынша салықтық міндеттемелерсенімгерлік басқарушының орындауына жатады.
  2. Сенімгерлік басқарушы, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді:

егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілетін болса –­мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;

егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін болса –мүлікті сенімгерлік басқару шартынемесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті жасалған күннен бастап орындайды.

  1. Сенімгерлік басқарушы:

егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттеменіөз атынан, қатарына осындайсенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен орындайды;

мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде салықтық міндеттемені орындау мақсатында Салық Кодексінің 194-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

  1. Егер мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкі сенімгерлік басқарушыда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынбайтын жағдайда, онда мұндай мүлікті қабылдап алу-беру актісінде мұндай мүліктің акт жасалған күнгі баланстық құны көрсетілуге тиіс.

 

 Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген салық органы

1.Республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқанжеріндегі салық органы қабылдайды.

  1. Жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімдіосы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген, олар төленетін жердегі салық органы қабылдайды.

         Мүлікті кепілге қою шартын жасасу талаптары

  1. Мүлікті кепілге қою шарты салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде,мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:

1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкескеледі;

2) кепілге қойылатын мүлік жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу графигін бұзған жағдайда, кейінге қалдырудыңнемесе мерзiмiн ұзартудың қолданылу кезеңі үшін есептелген өсімпұл, сондай-ақ оны өткізуге жұмсалатын шығыстар ескеріле отырып, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтініште көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

тыйым салынған мүлік;

салық органдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;

үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы бола алмайды;

3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында мүлікті кепілге қою шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайларда, салық төлеуші кепіл шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей,салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық органына кепіл шартының тиісті тіркеуші органда тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады.

 

 Банк кепілдігі

 

  1. Салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды берушарттарын бұзған жағдайда, банк кепілдігіне байланысты банкте (кепілдік берушіде) салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша міндеттемесін орындау жөніндегі міндет туындайды.
  2. Банк кепілдігі мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

1) банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;

2) банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс;

3) банк кепілдігінің қолданылу мерзімі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндеттісалық төлеушінің орындауының белгіленген мерзімі өткен күннен бастап алты айдан кейін аяқталуға тиіс;

4) банк кепілдігі берілген сома салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндетін кепілдік берушінің толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

  1. Банк кепілдігі бойынша міндеттеме кепілдік берушінің банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты алған күнінен бастап үш жұмыс күніішінде орындауына жатады.
  2. Кепілдік беруші салық органына банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу туралы талапты (егер мұндай талап кепілдік берушіге банк кепілдігі берілген мерзім аяқталғаннан кейін қойылған жағдайды қоспағанда) қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

Салықтық міндеттеменің тоқтатылуы

 

1. Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі:

1) ол қайтыс болған;

2) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.

  1. Дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
  2. Заңды тұлғаның салықтық міндеттемесі:

1) ол таратылғаннан кейін;

2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен ол қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

 

Салық төлеушiлердің мемлекеттік дерекқорындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру

  1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған, мыналардың:

1) жеке тұлғаның тіркеу деректеріне – Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;

2) резидент-заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тіркеу деректеріне – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;

3) Қазақстан Республикасындақызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне –тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде;

4)Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесініңтіркеу деректеріне – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішнегізінде;

5) Салық Кодексінің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің тіркеу деректеріне – тәуелді агенттің салық органына ұсынған салықтық өтініші негізінде;

6) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-жеке және заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – банк хабарламасынегізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.

  1. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
  2. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Салық Кодексінің 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
  3. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқанжеріндегі салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
  4. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық  төлеушіні  салық  төлеушілердің  мемлекеттік   дерекқорынан  алып  тастау

1.Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде немесе салықтық өтініш бойынша мынадай себептермен:

1)жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;

2)орындалмаған салықтық міндеттемелерне Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі және азаматтығын тоқтатуы;

3) Салық Кодексінің 76-бабының 10-тармағында аталған шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;

4)заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;

5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) өзгеруі;

6) бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;

7)шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындақызметін тоқтатуы;

8) Салық Кодексінің 75-бабы 2-тармағының 4), 5) және6) тармақшаларында аталған бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай бейрезиденттің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;

9)Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметінің тоқтатылуы;

10) Салық Кодексінің  бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агентарқылы осы бейрезидент қызметінің тоқтатылуы;

11) банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде Салық Кодексінің 75-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында аталған бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоттары болмаған,сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент-банкте осындай бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы бойынша алып тастайды.

  1. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан Салық Кодексінің 75-бабы 2-тармағының 3) – 11) тармақшаларында аталған тұлғаларды алып тастау мақсатында әділет және ішкі істер органдарына:

1) Қазақстан Республикасындақызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентті – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;

2) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін өткізу туралы мәліметтері негізінде;

3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;

4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгін, шет мемлекеттің консулдық мекемесін – сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында аккредиттелген,шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;

5) Салық Кодексінің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында аталған бейрезидентті – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

6) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидентті – бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасы негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.

3.Салық органдары  аталған бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банкхабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

4.Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастауды салық төлеушінің орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайдасәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде жүргізеді.

Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру тәртiбi

  1. Салық органы есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру туралы сұрау салу негізінде осындай мәліметтерді:

1)әділет органдарына – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

2)басқа мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделген тұлғаларға, салық төлеушіге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

2.Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге сұрау салу және оларды осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға беруэлектрондық нысанда жүзеге асырылады.

Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылады.

3.Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер Салық  Кодексінің 58, 59 және 60-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.

  1. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде беріледі.

 

Салық төлеушілерді әкімшілендіру бөлімінің  жетекші маманы А. Белеков