шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Кеген ауданы Жалаңаш ауылында шаңғы жарысынан Алматы облысының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлының қолдауымен және аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бұл жарыс жоғары деңгейде өтті. 21 жылдан кейін жеке өз алдына аудан болып құрылған ауданымызда облыс чемпионаты тұңғыш рет өткізіліп отыр. 250-ге жуық спортшылар бас қосып, 18 команда өзара бақ сынасып, шын мықтылары анықталды. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Нұрғалиев Ербол және облыстық шаңғы жарысының бас төрешісі Поменко Артём төрелік етті.

Ерлер арасында эстафета жарысы бойынша 1-орынды Райымбек ауданы, 2-орынды Қарасай ауданы, 3-орынды Еңбекшіқазақ ауданы жеңіп алды. Әйелдер арасында эстафета жарысы бойынша 1-орынды Талдықорған қаласы, 2-орынды Кеген ауданы, 3-орынды Кербұлақ ауданы иеленді. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Еңбекшіқазақ ауданы жеңімпаз атанды. 2-орынды Кербұлақ ауданы иеленсе, 3-орын Райымбек ауданының еншісіне бұйырды. Жеңіске деген жігерлік танытқан Кеген ауданы 4-орынды қанжығасына байлады. Жарыстың жабылу салтанатында аудан басшысы жеңімпаздарды құттықтап, «Ең бастысы жеңіс емес, жарысқа қатысу» деген қағиданы ескеріп, барлық қонақтарға шексіз алғысын айтты. Ақсақалдар ақ жол тілеп, ақ баталарын берді. Ал жарысқа қатысушылар мен келген қонақтар болса, Жалаңаштың көркем сұлу табиғатынан жақсы әсер алып, тұнық таза ауасында демалып керемет көңіл күймен қимай қоштасты.