шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сайлау 2019 | Выборы 2019    Тел: 8 727 772 1560    Email: k.kegen@zhetysu.gov.kz       

Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында өзін – өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту мәселесін көтеріп, өзін – өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем жүйесін енгізуді тапсырды.
         Осы орайда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылдың 26 желтоқсандағы № 203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлем жүйесін енгізілді.

         Бірыңғай жиынтық төлемнің көлемі қандай?

Үкіметтегілер төлемнің көлемін минималды етуді ұсынды – қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК.

2019 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 2 525 теңге болады. 2 525 теңге төлеу кезінде қазақстандық айына аударымды бірден төрт бағыт бойынша жүргізеді.

1)Жеке табыс салығы – 10%;

2)Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік – 20%;

3)Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері – 30%;

4)Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына – 40%, аударымдар жүргізіледі.

Бірыңғай жиынтық төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы (мәселен, екінші деңгейдегі банктердің филиалдары жоқ ауылдық жерлерде «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен төленеді.

         Төлемнің қандай пайдасы бар?

Министрліктің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың категориясы толықтай зейнетақымен қамсыздандырылады, жоғарылатылған көлемде базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады, ол еңбек өтілінің есепке алынуымен байланысты.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ММС енгізілгеннен кейін толық көлемде медициналық қамсыздандыруға қол жеткізе алады. Бұл да әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төлем жасауды қамтамасыз етеді.

«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қор жүктілігі бойынша және баланың бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақысын төлейді. Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасайтын азаматтар бұл төлемдерді өзге әйелдермен салыстырғанда жоғарылатылған көлемде алады, мысалы, жұмыс істемеген әйелдермен. Сондықтан бұл шара қолдауды және осы санатқа жататын азаматтарды әлеуметтік қорғауды арттырады», – деп түсіндірді министр Мадина Әбілқасымова.    

         Бірыңғай жиынтық төлемді кім төлейді?

Бірыңғай жиынтық төлем табысы жеке кәсіпкерлерден төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған.

«Біз максималды табыс мөлшерін белгіледік, жылына 100 ЕТЖМ-ға дейін – бұл айына шамамен 240 мың теңге. Демек, бір айдағы табысының мөлшері 240 мың теңгеден аспайтын болса, онда азамат осы режимге өте алады», – деп хабарлады Әбілқасымова.

Заң жобасы төлеушілер санатын нақты шектейді. Бірыңғай жиынтық төлемді өзге жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші жеке тұлғалар ғана төлей алады.

Егер азамат заңды тұлғаларға да қызмет көрсететін болса салықтарды толық көлемде төлеуіне тура келеді.