Ауданымызда жасөспірімдер арасында Грек-рим күресінен аудан біріншілігі өтті.
- Подробности
- Опубликовано: 19 декабря 2018
Ауданымызда жасөспірімдер арасында Грек-рим күресінен аудан біріншілігі өтті. Жарыс жалауы Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай көтерілді. Сайысқа Алматы, Талғар қалалары және Райымбек, Кеген аудандарынан жиналған 2003-2005, 2006-2008, 2009-2010 жылғы бозбалалар қатысып, бар күш-жігерлерін салып, мықтылықтарын көрсетті. Тартысқа толы өткен біріншілік жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы құттықтап, диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапаттады. Нәтижесінде жастарымыз жат әдеттен бойларын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануда өзгелерге үлгі көрсетті. Жауырыны жерге тимеген қазақ палуандарының ұрпақтарына қазақ елінің атын әлемге танытуларына тілектеспіз!
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шырғанақ ауылдық округінің Шырғанақ ауылында №4 учаскелік полиция пунктімен біріктірілген тұрғын үй ашылды.
- Подробности
- Опубликовано: 19 декабря 2018
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шырғанақ ауылдық округінің Шырғанақ ауылында №4 учаскелік полиция пунктімен біріктірілген тұрғын үй ашылды. Ресми ашылу салтанатында аудан әкімі, аудан прокурорының орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы, полиция ардагері мен ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен тәртіп сақшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ішкі істер органдарының басты міндеті қылмыстың алдын алу, ашу және тергеу екендігі атап көрсетті. Жаңа қоныс ауыл тұрғындары үшін ел тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірегейі екендігін жеткізді. Полиция – елдің тірегі, халықтың қорғаушысы деп бұл салаға халық сенім артып отырған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Тасашы ауылдық округінің Тасашы ауылында №2 учаскелік полиция пунктімен біріктірілген тұрғын үй ашылды.
- Подробности
- Опубликовано: 17 декабря 2018
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Тасашы ауылдық округінің Тасашы ауылында №2 учаскелік полиция пунктімен біріктірілген тұрғын үй ашылды. Ресми ашылу салтанатында аудан әкімі, ауданның полиция бөлімінің бастығы мен ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен тәртіп сақшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ішкі істер органдарының басты міндеті қылмыстың алдын алу, ашу және тергеу екендігі атап көрсетті. Жаңа қоныс ауыл тұрғындары үшін ел тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірегейі екендігін жеткізді. Полиция – елдің тірегі, халықтың қорғаушысы деп бұл салаға халық сенім артып отырған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Кеген ауылында №1 учаскелік полиция пунктімен біріктірілген тұрғын үй ашылды.
- Подробности
- Опубликовано: 17 декабря 2018
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Кеген ауылында №1 учаскелік полиция пунктімен біріктірілген тұрғын үй ашылды. Ресми ашылу салтанатында аудан әкімі, ауданның полиция бөлімінің бастығы мен ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен тәртіп сақшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ішкі істер органдарының басты міндеті қылмыстың алдын алу, ашу және тергеу екендігі атап көрсетті. Жаңа қоныс ауыл тұрғындары үшін ел тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірегейі екендігін жеткізді. Полиция – елдің тірегі, халықтың қорғаушысы деп бұл салаға халық сенім артып отырған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
Тәуелсіздік күні
- Подробности
- Опубликовано: 16 декабря 2018
Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешіп келе жатқанымызға биыл 27 жыл. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде мерекеге арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік күні мерекесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, құрмет горамотасын, астананың 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медальдарымен, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, еліміздің мәдени дамуына қосқан зор үлестері үшін үздіктерді мараппаттады. Ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына салмақты үлес қосып жүрген лайықты жандар Кеген ауданының «Құрметті азаматы» атанды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындаудағы жетістіктерге жеткен бірқатар мекеме басшылары мен қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатттары табыс етілді. Тұғыры биік мерекемізде Кеген «Халық» театрының сахналық қойылымы сомдалып, «Тәуелсіздік – бақыт таңы» атты мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні
- Подробности
- Опубликовано: 16 декабря 2018
Кеген ауданы әкімдігінің кіші залында аудан әкімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдады. Кездесуді аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы ашып, қонақтарға сөз берді. Мұнан соң мектеп өнерпаздары патриоттық тақырыптағы өлеңдер мен арнаулар оқып, жиылған жұртты бір тебірентіп тастады. Кездесу барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Аудан әкімі кездесу соңында барша қатысушыларды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, желтоқсаншыларға алғыс хатпен, естелік сыйлықтарын табыс етті.